Батысша тамақтанудың басты қауіптері

tories/0_5ea7c_35231955_XL.gif» width=»200″ height=»213″ alt=»0_5ea7c_35231955_XL» style=»margin-right: 10px; float: left;» />

         Baq.kz – Британдық ғалымдар дабыл қағып отыр. Олардың айтуынша, фастфудпен және қысқа толқынды пеште әзірленген тағамдармен тамақтанудың салдары рахит және цинга сынды аса қауіпті індетке шалдықтырады екен. 

       Бұл тығырықтан шығудың жалғыз ғана жолы — табиғи таза және құнарлы ас пайдалану дейді диетологтар. Дегенмен, Батыс халықтарының тағамдану рационыны соңғы жылдары күрт өзгерді. Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда қарапайым британдықтар жеміс-жидек пен көкөністі 4 келіге аз тұтынатын болған. Бұл соғыс жылдарындағы көрсеткіштен де нашар дейді доктор Марк Темпл.
    Адам басына шаққанда Ұлыбританияның бір тұрғыны күніне шамамен 346 грамм жеміс пен көкөніс жейді екен. Ал, ғалымдар бұл көрсеткіштің 400 грамнан кем болмау керек дегенді айтып отыр. Одан аз жейтін болса түбі цинга немесе рахит ауруына алып келеді дейді олар.
       Цинга дегеніңіз ағзадағы С дәруменінің жетіспеуі. Оның салдарынан адам буындарында сырқат пайда болып, тісінің еттері ісіп кетеді. Ал, рахит болса D дәрумені мен кальцидің жетіспеушілігі. Онымен ауырған адамның сүйек құрылымында өзгерістер пайда болатыны белгілі. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика