tom: 10pt; text-align: center; line-height: 115%;»>«Жарайсың, қазақтың баласы!»
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>tories/IMG-20151124-WA0002.jpg» width=»269″ height=»448″ alt=»IMG-20151124-WA0002″ style=»float: left;» />Мұндай мақтау сөзді есту атаның емес, халықтың баласына айналғаныңнан хабардар етсе керек. Қай ата-ана болмасын баласы осындай сөз естісе деп армандайды. Біз бүгін әңгіме – дүкеніне осындай мақтауға ие болған жанды шақырып отырмыз. Ол ауылда тұрады. Мектеп директоры. Үлкен мансаптың жолына түскен жоқ. Бірақ өзін өмірде өз орнын тапқан адаммын деп біледі. Өйткені, білім, білімді маман ауылдың балаларына ауадай қажет деп есептейді. Қазақтың өткені ғана емес, бүгіні де, болашағы да ауылда екеніне кәміл сенеді. Кейіпкеріміз туралы аз-кем ақпарат бере кетейік.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>Сегізбай Жанысбаев, бұрынғы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (Қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) биология фаультетін бітірген. Бүгінде ОҚО, Мақтарал ауданы, Атакент қалашығындағы №10 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін табысты атқарып келеді.Үлкен шаңырақтың иесі.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»> – Диплом жұмысын қорғау сәтіңізде атақты ғалым В.Ш.Фурсов орнынан тұрып «Жарайсың, қазақтың баласы!» диплом жұмысың 70 пайыз кандидаттық дисертациямен тең деген екен. Осы пікір қаншалықты рас. Және 1-курстан отау құрып оқу мен отбасын қатар алып жүру қиын болмады ма?
– Ордалы оқу орнының, сол замандағы Қазақстанда бар екі ғана университеттің іргелісінде диплом қорғау сәтінде оннан астам атақты ғалымдар мен академиктердің болатыны әдеттегі жағдай болатын ол кезде. Біз бітірген жылы да солай болды. Расында да дипломды қорғап болған соң ризашылық сезімдері болды. «Жарайсың, қазақтың баласы!», — дегенді айтқан ғалым биология ғылымдарының докторы Щевченко еді. Оның сөзін қолдап қуаттаған комиссия мүшелері В.И.Фурсов, М.Ә.Айтхожиндер орындарынан тұрып құттықтағандары әлі есімде…(біраз ойға шомып кетті).
Ал, ерте отбасын құруым оқу мәселесінде қиындықтар туғызды. Әсіресе, пәтер жағынан көп қиналдық. Сол уақыттағы жастардың қатарында пәтерден-пәтерге көштік. Сабақты да үлгердік. Алайда, шынайы сезімнің беріктігі болар жұбайым екеуміз бәріне де сабырмен қарап шыдамдылық таныттық.
tom: 10pt; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>– Сіздер оқыған кезде қандай студенттер ерекше құрметке ие еді?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Біздің заманымыз мүлдем басқаша болды ғой. Мықты студенттер ең алдымен тәртібі мен үлгерімі жағынан ерекшеленіп көзге түсетін. Ол кезде де әкесінің қызметіне сенген студенттер өзін басқашалау ұстайтын. Бірақ біз оларды бәрібір белсенді студенттермен тең көрмейтінбіз. Құрметке тек қана ілімге адал, ізденімпаз құрбы-құрдастарымыз ие болатын. Ол кездегі студенттер өте қарапайым болатын. Кітапқа деген құмарлық ерекше еді. Қазіргідей технология жоқ. Баратын жеріміз сол Алматыдағы Пушкин кітапханасы. Сабаққа бар дайындықты сонда жасайтынбыз, білімді кітапханадан, кітаптан жинаған ұрпақтың өкіліміз.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Кітаптың мерейі үстем, қадірі артқан сол уақыттарда бірқатар білім министрлерімен атап айтсақ, Күлекеев, Ж.Түймебаев, Б.Жұмағұловтармен қатарлас оқыпсыз, оған қоса ерекше көзге түскен кездеріңіз де болған екен. Ауылға келіп өз әлеуетімді көрсете алмай қалдым деген өкініштер қалып қойған жоқ па?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Әркімнің тағдыр жолы әртүрлі. Сол себепті де өкінішке негіз жоқ менде. Ауыл баласына да білім керек. Мен өзімді өмірде орнын тапқан адаммын деп есептеймін. Қанағат деген ұлылық бар ғой. Мен негізі қанағатшыл адаммын. Болып жатқанның, қолда бардың бәріне шүкіршілік етемін. Қарашаңырақтың қазақ үшін қасиетті екенін білесіз. Ауылға келуімдегі негізгі себеп, қарашаңыраққа ие болу еді. Бір үйде бір ұл болғандықтан әке-шешем менің ауылға келуімді өтінді. Оларды алып қалаға барайын десем қарашаңырақты тастап кетуге дәтім бармады. Өйткені қарашаңырақтың киесі бар. Бүгінгі жас ұрпақ осыны дұрыс түсінбей жүр.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Мен өз бақытымды өскелең ұрпақты тәрбиелеуден таптым. Ғылымда өзімді көрсете алмасам да бала тәрбиелеуде өзіндік үлгім, жинаған өмірлік тәжірибем бар. Мектеп, колледж, институттарда оқытқан шәкірттеріммен мақтана аламын. Жауапты қызметтер атқарып, елдің көзіне түсіп жүрген шәкірттерім келіп сәлем берген кезде бір марқайып қалатын сәттер боп тұрады. Қысқасы, әттеген-ай деген өкінішім жоқ. Қайта еңбегімнің жемісін көрген кезде өзімді бақытты адам ретінде сезінемін.
– Сіз үшін нағыз ғалымдар кімдер? Тәлім алған қай ұстаздарыңызды жиі еске аласыз ба?
– Нағыз ғалымдар деп өзін ғылымда дәлелдеп көрсете алған, еңбектері ғасырлар бойы өзекті болып тұратын келешекке өз ізін қалдыра білген тұлғаларды айтар едім.Тәлім алған ұстаздарым академик, биология ғылымдарының докторы М.Ә.Айтхожин, биология ғылымдарының докторы В.И.Фурсов, соғыс ардагері, биология ғылымдарының докторы Щевченко, М.Х.Шегаева, Е.Мамбетқазиев, В.Инюшин, В.П.Митрофанов т.б. бөліп жаруға келмейтін небір мықты, өз ісінің білгірі атанған ұстаздарым болды. Өткенге шегініс жасап оларды еске алып тұратын кездерім жиі болады.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Жетісай өңірі халқы жағынан көп шоғырланған өңір. Қазақстанда мақта өсірумен айналысатын негізгі аймақтардың бірі. Қолыңызда болса осы аймақтан қандай оқу орнын ашар едіңіз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Біздің Атакенттегі агроколледжі кеңес өкіметі тұсында Пахтаарал совхозтехникумы деп аталатын еді. Сол кездерде Мәскеудегі П.Лумумба атындағы университеттің және Оңтүстік Америка, Африка елдерінің студенттері өндірістік практикасын өтеу үшін осында бізге келетін. Техникумның базасы Алматыдағы ауылшаруашылығы институтынан кем түспейтін. 1996 жылы осы оқу қалашығын Қазақ-түрік университетінің филиалы етіп қалдыруға көп әрекеттер жасалды. Бірақ түрлі себептерден бұл ой жүзеге аспады. Егер менің қолымда мүмкіншілік туа қалса ауылшаруашылығы бойынша заманауи мамандарды даярлайтын білім ордасын ашқан болар едім.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Өзіңіз сияқты университетте көзге түскен үздік студенттерді ауылға шақырар ма едіңіз, қанағатшыл адаммын деп айтып кеттіңіз, сізді қуанту үшін не керек?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Әрине. Қазақтың киесі де иесі де ауылда ғой, шіркін! Бірақ өкінішке орай бізде заманға сай жаңашылдық жетіспей жатады, сол себепті де жастардың ауылға келгісі жоқ. Студент болған жылдары қаладағы жайлы тіршіліктің дәмін алған олар ауылға қайтқысы келмей қалады. Қазіргі заманның жастары біз сияқты тәуекелге бара бермейді ғой (күрсініп алды). Егер саналы, білімді мамандар ауылға келіп жатса жұмыс көзін ашудың, ауылдың экономикасын, мәдениетін көтерудің сан түрлі мүмкіндігі бар.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Мен мұғаліммін егер қалада жүріп «мен осы Мақтарал ауданында туып өсіп, сол жерде алған негізгі білімнің арқасында осы дәрежеге жетіп отырмын» — деген шәкірттерімнің сөзін естісем де төбем көкке жетеді. Әрине, қуаныштан. Өйткені, оны көрген осындағы шәкірттерімде «біздің ауданнан шыққан осындай ғалым ағамыз бар менде сондай боламын» деп сенімін ұштайды, алдына мақсат қояды. Жалпы баланың тұлғалық қасиеті қалыптасу үшін алдында үлгі тұтар, еліктейтін тұлғалардың көп болғаны дұрыс. Егер ол өзі оқып жүрген мектептен немесе ауылдан, өңірден шықса тіпті жақсы. Ол да осы ортада өсті ғой, ол да мен көргенді көрді ғой, неге маған сол кісідей болмасқа деп алға қарай сеніммен ұмтылады.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 10pt; text-indent: 21.25pt;»>– Мұғаліммін деп отырсыз, мектеп директоры болсам деген мақсатыңыз болды ма, қызметке қалай келдіңіз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Екі мыңыншы жылдың қыркүйек айы болатын. Аграрлық колледжде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезім. Ойда жоқта аудан әкімінің шақыртуымен сол кездегі әкім К.Төлебаевтың қабылдауында болдым. Менің білім саласындағы еңбектерімнен хабардар екен, Қ.Сәтбаев мектебіне директор болып барасыз ба? – деп ұсыныс жасады. Мен екі күн ойлануға мүмкіндік сұрадым. Былайғы жұрт басқалар осы орынға таласып жүр, сен неге олай еттің, ойланам дегені несі? — дейді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»> Менің айтар уәжім: Мен мектепте емес, арнайы оқу орындарында, ЖОО-да қызмет еттім, мектепке басшылық жасау қалай болады ақылға салуым керек емес пе, деймін. Оның үстіне маған басшылығын ұсынып отырған ұсынып мектеп ол кезде үздіктердің емес, керісінше бақылаудағы мектептердің қатарында еді. Ойландым, бойда бар қабілетті сынақтан өткізу үшін тәуекелге бел будым. Көп уақыт өтпей осы мектепке директор болып тағайындалдым. Тынымсыз еңбектің арқасында екі-үш жылдың ішінде аудандағы мектептер арасында алдыңғы ондыққа ілініп, көп пәндер бойынша тірек мектебіне айналдық.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 10pt; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>– Адамның бақыты неде екен?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Адамның бақыты: отбасы, кәсібі, өскен ортасы, жүрген ортасында деп білемін. Егер сені іздейтін болса, егер сен өзіңді тыңдатып, өзгені тыңдай алсаң, түсіністік пен үйлесімде, ізденісте өмір сүрсең бақытты сәттерің көп болады. Осылардың барлығы менің бір басымнан табылады, сондықтан мен өзімді бақыттымын деп есептеймін.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Бұрынғының мұғалімдері мен қазіргі өзіңіздің ұжымда еңбек етіп жүрген мұғалімдердің айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Бұрынғы мұғалімдер өте қарапайым, еңбегіне шын берілген, талап қойғыш сияқты көрінетін маған… Ал қазіргі ұстаздар заманына қарай техникаға арқа сүйеп алған, жұмыстары жеңілдеу ғой. Не керектің барлығы ғаламторда тұр. Бірақ сол ғаламтордағы материалдарды да оңды-солды ала бермей, оқып, саралау жағына кейбір ұстаздардың көп көңіл бөле бермейтіні қынжылтады.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Жақсы ұстаздар тек баяғы заманда болмаған, қазірде бар. Әсіресе жастардың арасында, кеше ғана еліміздің көшбасшы жоғары оқу орындарын бітіріп келіп, мол тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген білікті мұғалімдеріміз бар.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>
tom: 10pt; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>– Оқушылардың ортасында жүрсіз. Жастардың жанарынан не көресіз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Оқушылардың ортасында жүріп олармен сұхбаттасу мен үшін ерекше бақыт. Олар бала ғой. Әсіресе ауыл жастары арманшыл келеді. Қала жастарына кәсіби циркке, мұражайларға,театрларға бару қолжетімді. Ауыл жастары соның бәрін демалыс кезінде барып көруге мүмкіншілік бар. Сондықтанда олар ертең қалаға оқуға түссем, мынадай боламын, мына жақтарға барамын деген мақсаттарды алдына көп қояды. Зиялы қауымның басым бөлігі ауылдан шыққанының себебі осында шығар, бәлкім. Балаларымыз сұрақтарға шынайы жауап береді. Бүкпесіз, жүректері таза. Көздерінде от бар. Жалындап тұрған жастар. Олар біздің келешегіміз. Ойларын ашық айтады. Олармен әңгімеден соң өзімді жеңіл сезінемін.
tom: 10pt; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>– Сіз басқарып отырған мектепті облыс көлемінде танымал деп айтуға бола ма? Жетістіктеріңіз?
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>– Мен басшылық жасап отырған мектеп осы өңірдегі қара шаңырақ, айналайын. Облыс көлемінде танымал десем артық айтқандық емес. Жетістіктеріміз де баршылық. Білікті ұстаздарымыздың еңбегінің нәтижесінде республикалық, облыстық байқаулардан орын алып жүрген оқушылармен мақтанамыз. Мен үшін оқушының, баланың бәрі бірдей. Білімді, жүлдегер баланы үздік деп бөле-жара мақтау, мақтану аса тиімді тәрбие тәсілі емес. Баланың бәрінің болашағы алда. Ертеңгі күні-ақ бүгін тәртібі нашар, білім көрсеткіші төмен баланың ел аузына іліккен азамат болуы, мықты кәсіпкер атанып кетуі ғажап емес. Өмір өзі ізденістен тұрады және бір орында тұрып қалмайды. Іздене білген адам міндетті түрде нәтижеге қол жеткізеді. Біз ізденістің адамға қашан, қалай, қай жасында келетінін білмейміз ғой. Сондықтан баланың алдын кеспейік, бүгінгі баланың бәрінің көзінде от бар, ой еркіндігі бар, сана тәуелсіздігі бар. Белін буайық, бармақтай бақ тілейік.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>– Бүкпесіз әңгімеңізге алғыс білдіремін. Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін.
tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 21.25pt;»>Сұхбаттасқан,
tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 21.25pt;»>Әлия АХМЕТОВА
Leave a Reply