Біржан БАЙТУОВ,
айтыскер ақын:
tom: 10pt; text-align: center; line-height: 115%;»>«Жүлде үшін шықпаймын дегендер болса, онда оның өтірік айтқаны»
tom: 10pt; text-align: center; line-height: 115%;»>
tories/11.jpg» width=»350″ height=»248″ alt=»11″ style=»float: left;» />Нағыз ақын шындықтың шыңында тұрып, халықтың қамын жей білуі заңдылық.Бұрыннан солай. Сонымен қоса, елдің тыныштығы мен татулығын ту еткені абзал. Айқайлап ашумен ақысын алатын ақынға келешекте орын бар ма?» Белгісіз… Тарих бәрін таразылайды.
Талайдан бері айтыс ақындарының сырына, өлеңдері мен сазына, бір-бірінен артықшылығы мен ерекшелігіне үңілуді әдетке айналдырғанбыз. Айтыскер болу екінің біріне қона беретін дарын емес… Кезінде қазақ классигі, әйгілі «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезов «Айтыс – бұл қазақтың театры» демеп пе еді. Шыныменде, өзге елдерден ерекшелендіретін құнды қазынамыздың бірі де осы – Айтыс. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын Уақыт атты құдірет халықпен бірге әр заманның талантын екшеп алады. Бүгінгінің сондай бір ерекшелігі бар айтыскер ақыны Біржан Байтуов .
Біржан Оңтүстіктен оза шауып, айтыс сүйер қауымның ықыласына бөленіп үлгерген адуынды ақын. Бозбала шағында Бәйдібек ауданының намысын арқалап шыққан айтыскер ақын бүгінде қазақ халқының мұңын мұңдап, жырын жырлайды. Талай республикалық айтыстардың жеңімпазы. Аламан айтыстағы бірнеше дүркін бас жүлденің иегері.
-Әңгімені айтыстан бастасақ. Жалпы айтысқа қалай келдіңіз?
-Айтысқа мектепке 6-сынып оқып жүрген кезімнен бастап қызығушылық таныттым. Өзімше өлең жаздым. Жазамын, өшіремін, қайта жазамын. Баланың жан-дүниесін жарып шыққан шимаймен бүгінгі ақындықты салыстыруға келмейді, әрине. Осылай жүргенде бір күні көрші ауылдан Айдар Амантаев дейтін кісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруге келді біздің ауылға. Ол кісінің бойында да ақындық талант бар болатын. Жастарды өнерге баулу үшін үйірме ашты сол кездері. Талабы бар балаларды жинады. Солардың ішінен маған ықыласы ауып, алғаш оқушылар арасындағы айтысқа шығарды. Содан бастап Айдар ұстаздың бағытымен суырып салып айтуға төселе бастадым. Түрлі додаларға түсіп бақ сынадық.
-Ұстаз деген кең ұғым. Мұғалім атану қиын емес, ал ұстаз атану екінің біріне бұйыра бермейді. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деп жатады. «Мектеп көрген, ұстаз алдын көрген»деп те жатады.Сіз кімдердің мектебінен өттіңіз?
-Ең алғашқы ұстазым Айдар ағам,шынында табиғи ерекшелігі бар мұғалім болды. Сол кісінің тәлімі бойыма мықты дарығанын жасырмаймын. Өмірдің өзі де ұстаз емес пе?! Одан кейін де талай адамды ұстаз тұттым. Айтыстан бөлек шығармашылығыма бірден-бір септігін тигізген менің сынып жетекшім Озатбек Айгөлеков. Ол кісінің ақындығы ауылдық деңгейде қалып кеткен демесеңіз, жазғаны онша-мұнша классиктерден кем түспейді. Ал, одан кейін ерекше атап кетер ұстазым әрі туған әпкем Индира Байтуова. Айтыс аламанында өз орнымды табуыма осы туған әпкемнің үлесі орасан зор дер едім. Жанашырым да деп айта аламын. Тағы бір ұстазым деп қабылдаған ағам елге белгілі Жарылқасын Дәулетов. Шындап келгенде маған нағыз поэзияның не екенін ұғындырған осы кісі деп айтсам артық емес шығар. Ал айтыстағы алдыңғы толқын буын ағалардың, әпкелердің барлығын дерлік айтыстағы ұстазым санаймын.
Мейрамбек, Рамазандарды тыңдаған халықтың арасынан енді тілі түсініксіз Сайлаубекті тыңдайтындар шығып жатыр!
-Айтыстағы алдыңғы толқын деп отырсыз,сол аға-әпкелеріңіздің айтысымен қазіргі толқын көрсетіп жүрген айтысты салыстырып көрдіңіз бе? Қалай ойлайсыз қайсысы биіктеу тұр?
-Әріден бастайық. Кенен мен Жамбылдардың кезіндегі айтыстарды алып қараңыз.Өз заманында олар елдің еңсесін көтере алатын, сөзін сүйектен өткізе жырлайтын ақындар болғанын білесіз. Одан кейінгі Кеңес үкіметінің шарықтау шегіне жеткен кезіне келсек, Әселхан апамыз, Әбдікерім Манап, Көкен Шәкей сынды тұлғалардың барлығы қазақтың рухының өшіп қалмауына, ұмытылмауына жұмыс жасады. Өз кезеңі талап еткен міндетті толықтай атқарды десе болады . Ал одан кейін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Аманжол, Мұхамеджан, Бекарыс, Оразалы сынды ақындардың міндеті азат елдің азат екендігін сезіндіру болды. Бұл толқында өз міндетін «максималный» орындады. Расында да құлдық санадан шыққан елдің еңсесін биікке көтере алды олар. Одан кейін Қазақстанның жаһандануға бет алған тұсында Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Мақсат Ақанов, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев сынды ақындар шықты айтыс сахнасына. Бұл ақындарда өз кезегінде жемқорларды жырға қосты, әкімдерді сынады, патшаға дат айту керек болса айтты. Ал біз осылардың барлығын оқып, тыңдап өстік пе?! Олардан да мықты болуымыз керек! Алдымызда сара жол бар.Санамыз да, өзіміз де тәуелсізбіз. Осы жерде «біз міндетімізді толық орындап жатырмыз ба?» деген сұрақ туындауы керек. Орындап жатсақ қай деңгейде?.. Байқалатыны қазір біздің айтыс шоулық сипатқа басымдық беріп жатыр. Себебі, халықтың сұранысы соны талап етуде. Заман талабы өз еркіне бағындырмай қоймайды. Бірақ негізгі форма бұзылмақ емес. Әншілерге келсек, мысалы бірнеше жыл бұрын Мейрамбек, Рамазандарды тыңдаған халықтың арасынан енді тілі түсініксіз Сайлаубекті тыңдайтындар шығып жатыр!
Заттыбек өзбек жұлдыздарына кететін шығындарды азайтты
-Сайлаубек сіздің де назарыңызда жүр. Айтыста естіп қалып едік, қазірде сөзіңізге араластырып отырсыз. Жұрттың аузынан түспейтін рэпер туралы не ойлайсыз?
— Сайлаубектер не үшін шығып кетті? Менің намысыма тиіп, ойландыратын осы мәселе. Ол қазақы қалпы бұзылмаған деген біздің Шымкенттің бір клубында да концертін ұйымдастырды. Жиылған адамның тіпті қарасы көп. Кейде халықтың жанына жағатын әншілердің концертінің өтпей қалуына сан себеп табылып жатады ғой. Сонда Сайлаубектің кешін солай етуге айла табылмай қалғаны ма?
Оның әнінде не тіл, не дін жоқ. Бұл ертеңгі күні біздің қоғамымыздың дертіне айналуы әбден мүмкін. Бұл менің пікірім, басқа қарсы пікірдің болатыны да даусыз. Тиматилер сияқты атақты боп кетіп, бір тойдан пәленбай долларлап әкелгені жақсы емес пе дейді ғой жақтаушылар. Тапсын пайданы, алсын ақшаны, байысын қазақтың бір баласы. Бірақ артын ойлау керек емес пе? Ол сол ақшаны таба жүріп, қанша жасты адастырады. Ал, ол жастар өзінен басқа қанша жасты ертеді соңынан. Қазір Сайлаубек бір өзі, бұл жақсы, екеу, үшеу, төртеу боп кетпесіне кім кепіл? Нашақорлық, арақ құмарлық. Санв деген өте нәзік мәселе.Сайлаубектә көрген жастар нашақор бопта жұлдыз боламыз деп ойлауы мүмкін ғой.. Мейлі Сайлаубек әлемдік дәрежедегі атақты жұлдыз болсын делік. Миллиондап шашылған теңгені елге қайтарды делік… Сосын ше…Мыңдап соңынан еріп нашақор болған еліктеушілерді сол милиондармен емдей аласыз ба? Міне, мәселе қайда?! Ол кезде шығынымыз миллиардтап жұмсалса да нәтижесіз болады? Ол милиондарды қайтаруы мүмкін, алайда миллиардтап шығынға да батыруы ғажап емес. Тиматидің алдын Заттыбек орап өткені дұрыс оданда. Заттыбек өзбек жұлдыздарына кететін шығындарды азайтты. Заттыбектің Ақмаржаны шыққанша өзбектің «баригалдары» алатын тойдың ақшасын. Ал Сайлаубектің әрекеті ондай емес…
— Қазіргі уақытта айтыс уақытқа тәуелді өнер. Өзіңіз айтып отырған мәселені тереңдетіп, талдап айтуды уақыт көтермейді. Оның жүгін баллада, поэма көтеруі мүмкін.Ақын Бақытжан Алдиярмен болған әңгімеде «менің айтыстағы ерекшеленетін орным болмады, айтысқа өзгешелеу ақындық пен қасиет керек екен» деген болатын.Ол өз орнын жазба ақындықтан жаңылыспай тапқандығын айтып еді. Біржанның ойы қандай екен?
-Бақытжан ағамыз жақсы айтыпты. Нағыз классиктер өнердің бағасын осылай береді. Иә, айтыскер ақын болу үшін адамға тек ақындық аздық етеді. Суырып-салма ақын болуың керек, әнші де, күйші де, дауысың да жағымды болуы шарт. Бақытжан ағамда осының бірі кемдеу болған шығар. Мойындаудың өзі ұлылық. Айтысты мойындамайтындар да бар. Ал, Бақытжан Алдиярды өз басым қазақ поэзиясындағы мықты 5 ақынның бірі деп есептеймін. Айтыстың биігінде отырмасада бағасын бұқпаламай жақсы беріпті. Мықтылар айтысты осылай мойындаса керек.
Өзіме келер болсам жазба ақындығым да бар. Бұрындары кітабымда шыққан болатын. Сөйте тұра айтыстың бір бұлағымын, бір жанашырымын. Мендегі бір кемшілікті айтайын. Кейбір ақындар құйқылжытып тұрып, әндетіп кеп жібереді де сол арқылы халықтың назары мен көңілін көтеріп өз аузына қаратып алады. Менде дәл осы қасиет жоқ екен. Бәлкім кейбір ақындардың менен артықтау тұсы да сол әншілігінде шығар.
Менің айтыстағы ұстанымым көкпардағыдай
-Кемшілігіңіз әншіліктің аздау болғаны болса, айтыстағы сіздің ерекшелігіңіз қайсы?
-Менің айтыстағы ерекшелігім бе, білмеймін. Өзім ерекшелік деп табатыным айтыс алаңына шыға салып қызу тартысты жарыс көрсеткенді жөн деп білемін. Менің жақсы көретінім де сол. Өткен тарихымыздағы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» секілді қарсыластың бетінен алып, қоян-қолтық айтысқанда ұнатамын. Енді біреулер баяу отырып-ақ асықпай жеткізеді ғой ойын. Ал маған ол жат нәрсе. Менің айтыстағы ұстанымым көкпардағыдай. Тартысып, не оз, не болмаса қал дегендей арқалы айтысты жаным қалайды. Мүмкін менің ерекшелігімде осы болар.Халық өзі береді ғой бағасын.
-Айтысқа алдын ала дайындалып жаттанды шығатындар да бар дегенді құлағымыз шалып қалатыны бар. Ел ішіндегі осы сөз қаншалықты рас?
-Білесіз бе? Қай ақын айтысқа дайындықсыз шығады?! Біржан сал да Сарамен айтысарда қатты дайындалған деуге негіз бар. Сол туралы мәліметтерді жинап, қайдан шықты, кімнің ұрпағы дегендей. Біздеде дайындық болады ондай. Ал бірақ жаттанды дегендерге жөн болсын?! Кейде кейбір ұйқастар қайталануы мүмкін. Ол жалқаулық мойындау керек. Бірақ қалай болғанда да алдыңдағы мыңдаған адамды алдай алмайсың. Ақындардың қасында жүргендер, айтыскерлердің «мына тақырыпта айтыс жүргізсек, мынандай мәселелерді қозғасақ» деген сөздерін естіп алып айтып жүргендері болар.
Біз неге елбасыға тиісуіміз керек?…
-Айтыскер ақындардың кейбір телеарналарға өкпесі де жоқ емес. Себебі, халықтың мұң-мұқтажын, саясатты сынап айтқан шумақтарын эфирден қиып тастайтын көрінеді. Шабыттана шырқаған шумақтарыңыз қиылған сәтте сіздің де өкпе артар тұсыңыз бола ма телеарналарға?
-Ренжуге де болады, бір жағынан реніш артуға да болмайды. Қандай жағдайда реніш артуға болады дейсіз ғой. Мейлі қиған жерін қияр, екіншісіне апарып жалғар. Бірақ, монтаж жасаушылар дұрыс жұмыс жасамай қалады кейде… Қарап отырып өзіңнің не айтқаныңды да түсінбейсің. Маңызды дегенін ортасынан қиып ала салады да, сәйкес келмейтін тұсына жалғай салады. Оны көріп отырған көрермендер мына ақын не көкіп кетті демей ме? Осы тұсқа өкпе артсақ жарасады. Ал кейде өзімізде қатты кетіп қаламыз. Бірақ сөз орнын табады ғой. Ондай тұстардың қиылғаныда дұрыс шығар. Себебі, елдің тыныштығы, Тәуелсіздігі әлдеқайда маңызды. Осы тұста мына мәселені айтып кетейінші.
Бірде «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған айтыста алдын-ала ақындарға жиналыс өткізді. Сонда партия белсенділерінің бір ғана өтініші болды. Олар «саясатты айтыңдар, әкім министрлерді айтыңдар, қашып кетіп жатқандарды да, жемқорларды да, қоғамның әлсіз тұсын да айтыңдар. Бірақ, тек Елбасыға тиіспеңдер» деді. Бір сөзбен айтқанда «бәрін айтыңдар, тек елбасыға тиіспеңдер» дегендей сөз айтылды. Расында да біз не үшін елбасыға тиісуіміз керек. Ол біріншіден қазақтың баласы, екіншіден қазақтың қамын жеп жүрген азамат, үшіншіден елдің тәуелсіздігіне жетелеген алғашқы президент. Біз неге елбасыға тиісуіміз керек шынында…
-«Нұр Отан» партиясы демекші наурызда өтетін парламент сайлауына партия ұсынған тізімде спортшылар мен өнер адамдары барын білесіз. Халық қалаулысы деген мәртебелі атқа кімдер лайықты деп ойлайсыз?
-Әрине,парламентте қазақтың қамын жейтін, елдің еңсесін түсірмейтін ұлтжанды азаматтардың отырғаны абзал. Өнер адамдарына келер болсақ Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, споршыларымыз Илья мен Геннадийдің жүргендерін білемін. Олар туралы пікір айтатындай олардың бойында қандай қасиет барын білмейді екенмін шынымды айтсам. Мүмкін саясаттан дымда хабары жоқ болар, бәлкім оқып үйренгендері бар шығар… Әйтседе, ақылы өз кемелене жеткен, терең ойланатын ұлтын сүйетін азаматтардың отырғаны дұрыс қой. Бекболат ағам бар екен тізімде. Мені қуантқаны осы болды. Міне, парламентке нағыз лайық жан. Жиыннан шыққанда тіпті саясаткерлердің өзі қалай қошемет көрсетіп жатты ол кісіге. Демек, ол сөзсіз лайықты деген сөз. Шіркін-ай, осындай азаматтардың парламентте отызы отырса…
«Маған жүлде керек емес» деу маған жеңіс пен абыройдың керегі жоқ дегенге саяды
-Сөз соңында мынаны айтыңызшы, айтысқа ақындар тек жүлде үшін шығуы мүмкін бе? Бұл өзіңізге де қатысты сұрақ.
—Екіжүзділік ең жеккөрінішті қасиет. Жүлде үшін шықпаймын дегендер болса, онда оның өтірік айтқаны. Мәселенің бәрін бір жүлдеген тықпалай беруге болмайды. Айтыскер ақынның да отбасы, ата-анасы бар, ол да біреудің перзенті. Біріншіден отбасын асырау керексіз бе, керексіз… Бұл бір мәселе.Тұрмыстық мәселе десеңіз, мынаған назарыңызды аударайын. Жүлде керек болмаса неге тігіледі, осы туралы ойланып көрдіңіз бе? Ол айтыста емес, қоғамның барлық саласында бар. Жүлде, жарыс, бәсеке болмаса мына дүние бір орында тұрап қалар еді. Бұл ынталандыру құралы. Сондықтан да «маған жүлде керек емес» деу маған жеңіс пен абырой керек жоқ дегенге саяды. Өйткені сен бір елдің намысын қорғап отырсың. Қазақ итінің жаман болғанын қаламайтын намысқой халық. Мейлі бүкіл облысың емес, тым құрығанда өз ауылыңның намысын жығып бергің келмейді ғой. Сен айтыс алаңына шыққанда бүкіл өңірің сенің жеңісіңді тілеп отырады емес пе?! Ал елдің намысын арқалағандар жүлдеге дейін жетуі керек. Мәселе байлыққа асыққанда емес, елдің намысында. Неге тігілген жүлдені алуға тырыспасқа. Олимпиадада спортшылар жүлдеге дейін асығады ғой. Біз қуаттап отырамыз.Себебі ол жүлденің астарында елдің намысы, жеке басың, халқыңның абыройы ұштасып жатады. Сайыстың құдіреті осындай. Әйтпесе, додасыз теуіп жіберген доп секілді айдалаға домалайсың. Қолыңнан келіп тұр ма бәрін басып оз да ала бер жүлдені. Ал бірақ… кейбір жағдайларда адамдықтан аттап кетуге болмайды. Иә, жүлде үшін. Мысал келтірейін сізге. Ақтық мәреге дейін жеттіңіз дейік. Сол тұста оппозициялық топтар келіп «жақсыны жаманда, жаманды ақтап айт, солай жасасаң жүлдені саған береміз» десе адамдық қасиетті таптап өтуге болады ма?! Осындай кезде жүлде үшін бұрылуға болмайды. Мейлі алмай-ақ қой жүлдесін, тек адамгершілігіңді арамдықтың табанына таптатпа. Егер сол тұста адамдықты ұмытып, жүлде үшін айтып салсаң, тарихта қарабет болған күйі қаласың. Тоқ етері кешірілмейтін күнә ол біз үшін.
-Әңгімеңізге үлкен рахмет. Ендеше, Біржан Байтуовтың алар жүлдесі көп болсындеп тілейміз!
Сұхбаттасқан,
Жарылқасын ШЫНАРБЕКҰЛЫ
Leave a Reply