2024-09-22

ЖҰМЫССЫЗДАР ҮШІН ЖАҢА ЖОБА

Жұмыссыздар үшін жаңа жоба

 

tories/2020.jpg» width=»350″ height=»263″ alt=»2020″ style=»float: right;» />Дағдарыстың жүріп атқаны туралы естіпжатырмыз, оқып жатырмыз. Күнделікті өмірде де сезіліп жатыр.Кәсіпорындардың жұмыс қарқыны бәсеңдеп, табыс мөлшері төмендеп елдің біраз бөлігі жұмыстан қысқартыла бастағаны туралы да ақпарлар бар. Үкімет дағдарыстың дабылы соғылған сәттен бастап-ақ елді тығырыққа тірей қоймайтын жолдарды  қарастыруда. Әрине, ешкімге оңай емес… Өлара сәтте бұрыннан бар жұмыссыздықтың артуы да заңдылық.

Жұмыс іздесең де, жұмыссыз іздесең де Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінебарсаңыз жаңылыспайсыз. Мекеменің табалдырығын аттай бергенім сол жұмыс іздеп сабылған халықтың қарасы көп екендігі бірден көзге ұрды. Жұмыссыз жүргендер шыныда жетерлік екен.Осылай ойлағанымыз сол тағы бір ой жылт ете қалды.  Расында құжаттарын қолтығына қысып абыр-дабыр болған жұрттың жұмыс істегісі келе ме?.. Әлде…

Осы сауал жетелеп орталық директорының орынбасары қызметіндегі Мырзаханов Асет Тастанбекұлына жолықтық.

Асет Тастанбекұлының айтуынша жұмыс істегісі келетіндер көп. Бірақ қалаған жұмыстары немесе мамандықтары бойынша  бос жұмыс орны табыла бермейді.

Қазіргі жастардың көп бөлігі юрист, экономист сынды мамандықтарда оқыған.Оған сұраныс мүлдем аз дейді ол.Керісінше, техникалық мамандық иелерінің тапшылығы сезіледі екен.

       Дағдарыстың дауылы бәсеңдегенше «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын  жүйелі жүзеге асыруға барымызды салуымыз керек. Жұмыс болған соң қиыншылықтар болады әрине. Дегенмен, бұл өзін-өзі ақтаған жоба екенін дәлелдеді. Қазір біз еңбек нарығын зерттеуді қолға алғанбыз, сұранысы көп мамандықтарды даярлауға күш саламыз. Келген адамға өз мамандығы бойынша жұмыс табылмаса басқа мамандық бойынша даярлықтан өтуді ұсынамыз.

Бағдарлама бойынша азамат жұмысқа қабылданды. Бірақ өзін маман ретінде көрсете алмады. Қандай мекеме болмасын сапалы маман алғысы келеді бұл түсінікті жағдай. Жолдама уақыты біткен соң онымен қош айтысады. Ол адам қайтадан  жұмыссыздар қатарына қосылады.

      Ойыңызды түсініп отырмын.жастар практикасына турасында айтар болсақ, жастар үшін 6 ай мерзім мемлекет қаражатынанжалақы төленеді. Ал жұмыссыз халыққа жарты айлық жалақыны мемлекет төлесе, жарты бөлігін сұраныс жолдаған мекеме төлейді. Жолдама уақыты біткеннен  кейін сол жұмысшыларды сұранған мекеме алып қалуға міндетті негізінде. Егер маман мекеме сұранысын қанағаттандыра алмаса біз жіберген азаматты қайта оқытамыз. Кәсіби курстардан қайта өткіземіз. Тағы бір жағдай мекемелердің жұмыс жағдайы төмендеп, табысы қысқарып жатса жіберілген жұмысшыны шығара тұруына рұқсат.

Бағдарламаның тиімділігін айтып отырсыз.Экономика да, қоғамда үздіксіз өзгеріп  жатқан тұста жобаның жетілдірілуі, жаңа қызметтердің ашылуы заңдылық. Жұмыссыз деген статусты алмаған жұмыссыздар да бар.  Базарда нәпақасын тауып қанша жан жүр. Олармен мемлекеттік мекемелер арасында қандай байланыс бар?

      Қазір «КОЛД ЦЕНТР» жобасы жүзеге асқалы жатыр. Бұл жоба жаңағы сіз айтып отырған біздегі бақылаудан тыс қалып отырған биржадағы жұмысшылар мен базардағы саудагерлердің іс-әрекетін заңдастыратын болады. Қазір қарап отырсаңыз ол азаматтар жұмыс істеп жүргенімен зейнетақы қорын жинауға назар аударып жүрген жоқ. Ертең олар да зейнетжасына келеді. Міне, сол кезде мәселе туындайды.Енді биржадағы жұмысшылар, базардағы сатушылардың тізімі жасалып тіркеледі. Сол тізім негізінде көрсетілетін қызметтерге  осы орталық тапсырыс қабылдай бастайды. Тапсырысты биржа жұмысшыларына ұсынамыз. Осылай барлық қызмет көрсетуші тұлға назарда болады, қызмет көрсетушілердің мәлімет базасы жасақталады. Және олар үшін зейнетақы қорын жасақтау мәселесі шешіледі. Бірақ ұсынылып отырған жобаның шартымен келіспеу, келісу жеке тұлғаның өз еркінде.

Аталған мекеме тізімінде бар бос жұмыс орындарын http://sobes.shymkent.gov.kz/ мекен жайына кіріп, қарап шығуға да болады. Ал, сізді осы салаға байланысты қандай да бір қызмет немесе қызметкердің жұмысы қанағаттандырмай жатса 56 -63-78 сенім телефонына хабарласуыңызға болады. 

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика