ШЫМКЕНТТЕ ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2023 жылдың 12 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасының “Қосымша білім беру оқу салалық орталығы” КММ ұйымдастыруымен  “Өңірлік лиганың “дебат қозғалысы”жобасын жүзеге асыру жөніндегі 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Алпамыс батыр атындағы  N40 мектеп-гимназиясының базасында  дебат клубы жетекшілеріне арналған «Үйрете жүріп үйрену -3» практикалық семинары өтті.   Қатысушыларға Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Ақиқат» пікірсайыс  орталығының спикері Канадиллаев Азамат  дебат туралы түсінік, ребатл, кейс құру жалпы пікірсайыс ережелері мен талаптары бойынша түсінік берді. Практикалық ойында төрешілік етіп, кері байланыс жасады. Дебат жетекшілері өзара тәжірибе алмасып, керемет көңіл күймен тарқасты. Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білім — асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі.  Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам — ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор.  ХХІ-ғасыр — ақпарат пен технологияның заманы. Ендігі адамдардың білім алу деңгейі мүлде жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты. Ізденген адамға білім ақпарат алу көздері жетерлік. Тіпті технологияның арқасында адам тілді ешқайда шықпай бір орында жатып-ақ үйрене береді. Мұның бәрі білімнің шексіз құдіреті.
Қызмет ақпарат

(1743)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика