ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕРІ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталығының мамандары Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді.  Орталықтың жетекші дәрігерлері  қаладағы емдеу мекемелерінде науқастарды қабылдап, шеберлік сабағын өткізіп, күрделі оталар жасады.  Нақтырақ айтқанда,  қалалық онкологиялық орталықта, Жүрек орталығында, перинаталдық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханасы  мен №2 қалалық аурухана базасында  ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталықтың мамандары науқастарды қабылдап, медициналық кеңес берді.  Сондай ақ  аталған орталық мамандарының қатысуымен стационарлық мекемелерде шеберлік сабағы өтіп, ауыр жағдайдағы науқастарға күрделі оталар жасалды. Айта кетейік, ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық мамандары  Шымкентке жұмыс сапарымен келіп, медициналық көмектер көрсетті.  Сапар соңында іскерлік байланысты нығайтып, медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында екі жақты келісімге қол қойылды. Қол қойылғаннан бастап Шымкент қаласы мен Президент апараты арасында әріптестік қарым-қатынас нығая бермек.  Білікті дәрігерлер тобы қаладағы ірі медициналық ұйымдарда науқастарды қабылдап, күрделі оталар жасауда. Делегация құрамында Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының мамандары мен еліміздің жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог және генетик мамандар бар. Білікті нейрохирург, аталған орталық ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев №2 қалалық аурухана базасында бірнеше күрделі оталарды іске асырды.  Медорталық ауруханасының онколог-гастроэнтерологы, онкохирург мамандары Шымкент қалалық онкологиялық орталығында науқастарды қабылдап, күрделі оталар жасады. Үздік дәрігерлердің Шымкенттегі күндері 24 ақпанға дейін жалғасады.

 

Қызмет ақпарат

(1647)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика