АУЛА ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАҒА ОРТАҚ

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаш түбін әктеу және шөп ору жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады. Аталған жұмыстарға аудан әкімі аппаратының 39-02-01 кезекші телефон нөмірі арқылы шұғыл өтініш берулеріңізге болады.

Әл-Фараби ауданы А.Жангелдин көшесі №30, 32, 20, 20а,6а көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Өткен аптада өткізілген сенбілікте ауданның белсенді жастары мен еріктілері, үй тұрғындары және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері белсене атсалысып, қатысты. Сенбілік өткізілген аулаларға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, өсік шөп орылып, ағаш түптері әктелді. Сонымен қатар, сенбілік жұмысы өткізілген көпқабатты үйлердің ауласындағы барлық қоршауларға және ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика