РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігінің бастамасымен  2023 жылы 12 сәуірде сағат 12.00-де Республикалық шахмат ойнау челленджі өтті. Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.

Челлендждің мақсаты –  шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

Челлендждің міндеттері:

— оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.

— балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.

2020 жылдан бері  Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мекемелерде шахмат үйірмелері жүргізіліп, қазіргі таңда республикалық, қалалық шахмат жарыстары, шахмат олимпиадалары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижесінде білім алушылар жоғары жетістіктерге жетуде.

Шымкент қаласында қала әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» қатарынан үшінші жыл өткізіліп келеді. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Шахмат жарысынан №9 ІТ мектеп-лицейі 20 млн. тенге көлемінде сыйақы алды.

2022-2023 оқу жылында «Шымкент Жастар Лигасы» өткізіліп, шахмат жарыстары жалғасын табуда.

Бүгінгі республикалық Челленджге  Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты 243 мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен 28561 оқушы, 3542 педагог қатысты. Ойын шарты сақталып, ережеге сай барлық мекемелерде бір мезгілде басталып, өткізілді. Барлық білім беру мекемелері жоғары деңгейде атсалып, қызығушылық танытуда.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасын қолдап, алғыс білдіреміз!

Қызмет ақпарат

(1605)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика