Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім — жалпыадамзаттық құбылыс; білім — əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2023 жылғы 31 қаңтардағы 01-06\19 хаты негізінде мектепке дейінгі ұйым педагог қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының ІІ-кезеңі қалалық деңгейі өтілді. Байқаудың мақсаты: заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату. Байқаудың ІІ-кезеңінде 10 мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмыстары байқау ережесіне сәйкес қаралды. Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылардың жұмысы (Е-портфолиосы, эссе, бейнероликтері) кәсіби шеберлігі, шығармашылық бастаманы дамытуы, соңғы 3 жылдағы жетістіктері бағалау критерийлері бойынша бағаланды. Комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың ұсынылған материалдарын зерделеп, бағалады.
Гран при жүлделі орынды:
№60 «Тараз» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Танирбергенова Гулназ Аширбековна
І- жүлделі орынды:
№73 «Айжан» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Ли Ольга Васильевна
№122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Төлешова Айгерім Қурманбекқызы
ІІ- жүлделі орынды:
№40 «Нұрлан» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Кадырова Венера Равильевна
№61 «Нұртас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Мантбекова Куралай Турарбековна
№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі-Ахмедова Диана Черкесовна
ІІІ- жүлделі орынды:
№16 «Сымбат» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі- Курмамбаева Индира Тулегеновна
№42 «Толағай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Мамитова Гулнур Адамбековна
№86 «Алтынай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Прдалиева Жаңыл Калыкозовна
«Балбота» бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі Тастемирова Молдир Молдабековна иеленді.
Жеңімпаз педагогімізге байқаудың үшінші республикалық деңгейінде сәттілік тілейміз.
Қызмет ақпарат
(1893)
Leave a Reply