Барлық мектептер бір мезетте шахмат ойнады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының бастамасымен  12 сәуір күні, сағат 12:00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледжерінде бір мезгілде шахмат ойнау челенджі өтті.

Шымкент қаласындағы  Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектептің  қосымша білім беру – шахмат үйірмелеріне қатысатын жас шахматшылары аталған челенджге белсене қатысты.

Шахмат челенджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр. Мақсаты жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипат алып дамығанын, осы кезге дейін қол жеткізген жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін республикалық акция.

Мақсаты еліміздің барлық білім беру ұйымдарын бір мақсатқа біріктіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, оқушылардың зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Аталған мектептің шахмат үйірмесіне қатысатын оқушыларының ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері де аз емес.

Мысалға айтар болсақ, 10 «Д» сынып оқушысы Қалдарова Аяулым 2019 жылы әлем біріншілігінде ІІ орын, 2020 жылы республикалық SportFest Kazakhstan мектеп спартакиадасының аймақтық кезеңінде І орын алса, 2022 жылы Азия біріншілігінде ІІІ орынға ие болды.  Аяулымның жетістіктерін мұнан әрі 2021-2022 оқу жылында өткен Шымкент Жастар Лигасы ойындарында шахматтан ІІ орын, 2022 жылы КБТУ 9-11 сынып оқушылары арасында университет грантын иелену мақсатында ұйымдастырған  Халықаралық шахмат турнирінде ІІ орынға ие болуымен жалғастыруға болады. Әр ойын  жас шахматшының ойын өсірді, тәжірибесін толыстырды. Биыл Аяулым  Қазақстан Республикасының біріншілігінде І орын иеленді.

10 «В» Несіпбаев Бекмұхаммедтің де жетістік жолы  да назар аударарлықтай. Ол КБТУ 9-11 сынып оқушылары арасында университет грантын иелену мақсатында ұйымдастырған  Халықаралық шахмат турнирінде ІІ орынды иеленді.

7 «Е» сынып оқушысы Тлекқабыл Айбек, 8 «Е» сынып оқушысы Махмұд Айкөркем, 8 «Е» сынып оқушысы Әлжан Әділхан, 6 «Д» сынып оқушысы Құрманбек Әбілқасым сынды оқушылардың да шахмат ойнауға деген қызығушылықтары ерекше. Өз жас ерекшеліктеріне сай қалалық, республикалық сайыстарды жүлделі орындардан көрініп жүр.

Халықаралық және республикалық ойындарда жеңімпаз атанып жүрген оқушылар мектептің, Шымкент қаласының ғана емес, республиканың мақтанышына айналып отыр.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика