Айналадағы адамдарға қарасам жүректері мейірімге толы апайларды көремін

Шығармашылық шаттық бастауы

        Ұстаз деген ұлы есім. Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісіндей. Ұстаздың білімі мен сабырлығына, даналығына барлық адамзат бас иеді деп ойлаймын. Ұстаздың жанынан есетін мейірім – әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзісияқты.

Кез келген адам ең алғаш өзін осы өмірге алып келген анасына алғыс айтса, одан кейін  білім әлеміне жетектеп әкелген мұғалімінің алдында бас иіп, рахмет айтады. Мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, өмірімде жаға бір адам пайда болды. Ол менің алғашқы ұстазым, сынып жетекшім Куьбаева Гульзира Журсынбековна. Менің ұстазым мектепке келгенде қолымнан жетектеп, алғашқы орындыққа отырғызып, әліппе кітабын ұсынды. Әріп таңбасын салуды үйретті. Қанша қателік жіберсекте қабағын шытқан жоқ, бәрінешыдамдылықпен, түсіністікпен қарап, біз білмейтіннің барлығын үйретті. Ең алғаш қолымызға қалам ұстатты. Мектепке тарыдай болып кірген біздерді таудай қылып шығаруға бар күшін салып жатыр. Өзі солай деп айтады.

Әлі есімде ұстазымды көргенім,

Өз анамдай болған еді ол менің.

Содан бері мұғалімімді қадірлеп,

Білім деген асқар тауға өрледім.

Мен осы өлеңді бірден жаттап алдым. Тура менің  Гульзира апайымды суреттегендей. Қазіргі кезде Шымкент қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №2мектеп менің сүйікті мектебіме, сүйікті ортама айналды. Менің апайым гүлді жақсы көреді. Өзі күтімін жасайды. Мектеп  бөлмелеріндегі осы өсімдіктер де сыныпта сан рет оқылған жыр мен сабақта  шертілген сырдың,  балалыққа толы шытырман оқиғаның куәсі секілді. 

Өмір жолындағы алдымыздан шығатын кедергілерден сүрінбей өтуге, алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін бұл- ұстаз. Үйдегі үлкендер үнемі маған осылай деп айтып отырады. Айналадағы адамдарға қарасам жүректері мейірімге толы апайларды көремін. Олар күнде-күнде оқушыларға білім үйретеді. Жанымызда қаншама жылы жүректі ұстаздар жүр.

Ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.Гүлзира апай туралы жазарда мен іздендім. Осы сөйлемдерді оқыдым.

Сакенова Кәусар

А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы

орта білім беретін мектебінің

2 «В» сынып оқушысы

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика