Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тұран ауданы жұмыспен қамту бөлімшесінде «Ашық есік» күні өтті.
Аталмыш шараның мақсаты кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру. Сондай-ақ, 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасы аясында жастарға жеке ісін ашу үшін жағдайлар жасау.
Маңызды іс шара аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастардың шағын несиелеу бағдарламасына қатысуын қамтамасыз ету үшін жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% несие бойынша түсіндіру және несиелеу шарттары жан-жақты таныстырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік грант берудің шарттары да түсіндірілді.
Сондай-ақ,жиынға қатысқан қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітіруші түлек студенттеріне жұмыспен қамту мақсатында тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы мемлекеттік қолдау шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы айтылып, мамандар кеңес берді.
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында әлеуметтік қолдау пакеттері ұсынылуда. Олар, қайтарымсыз негіздегі грант беру, жастарға жеңілдікпен микрокредит беру, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тегін кәсіби оқыту. Грант беруде аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері және көп балалы отбасы мүшелеріне басымдық беріледі. Биыл қала бойынша 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру көзделіп отыр. 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін 261 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беру де жоспарда бар.
Қызмет ақпарат
(1654)
Leave a Reply