ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КІТАПХАНА БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ⏬

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы Мәдениет Басқармасына қарасты Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Абай атындағы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі,  А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы, Жасөспіірімдер кітапханасы, Орталықтандырылған балалалар кітапханалар жүйесі, Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы басшыларымен арнайы кездесіп, мәселер талқылады. Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көте­ріп жүр­ген мәдениет саласы қызметкер­лері­нің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен концерттік ұйымдардың, ха­лық шығармашылығы және мәдениет үй­лерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханият­ты дамытуға, игілікті, адам­гершілікті, қайы­рым­дылық пен өзара түсіністікті өріс­тетуге жол ашып, үз­дік мәдени дәстүр­лер­ді сақтауға һәм молай­туға ерекше мән беріп келеді.

Кездесуде қалың оқырманға рухани азық беріп, қала жұртшылығына қызмет жасап тұрған киелі кітапхананың бүгінгі жағдайы, ертеңгі жоспары ашық айтылды, тыңдалды, тапсырмалар берілді.

Нақтырақ айтсақ тұлғалар есімі берілген үлкен кітапханаларда ауқымды іс-шараларды жиі ұйымдастыру, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда жұмыстар жүргізу.

Естеріңізге салсақ мемлекет басшысы 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялап, кітапханалар жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін, электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан жоғалмайтынын жеткізген болатын.

Осының негізінде қазіргі таңда қалада 13 кітапхана жаңғыртудан өтіп, оларға жаңа тыныс берілді. Бүгінде заманауи үлгіде, оқырмандарға ыстық ықыласпен қызмет көрсетуде.

 

Қызмет ақпарат

(1904)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика