Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына дәстүрмізбен тереңдеп танысу мақсатында қала мектептері оқушыларының жиі келуі дәстүрге айналған. Бүгін Шымкент қаласындағы салт-дәстүр орталығына Ә.Бөкейханов атындағы мектептің 4-сынып оқушылары ат басын бұрды. Оларға арнайы экскурсия жүргізген мамандар «Ұлттық салт-дәстүр» және «Қол өнер» залдарын таныстырды. Халқымыздың қасиетті де киелі саналған киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарының шығу тарихы мен қолданысынан мәлімет берді. Әлбетте, халық психологиясында көңіл аударарлық түрлі жайттар көп кездеседі. Соның ішінде кей сезімді, іс — әрекетті сөзбен айтпай — ақ ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен сездіретін түрлі қызықты әрі сесті ұғымдар бар. Әдет — ғұрып дейтініміз сондықтан. Осынау әдет — ғұрыптар арқылы адамдар келісу, ашу — ыза, жеңілу, қайғыру, ұялу, тағы басқа сол сияқты көңіл — күй сезімдерін білдіріп отырады.
Зерделесек, әдет туралы түсінік әр адамда немесе әр жерде түрліше. Біреулер «түсте ұйықтау әдетім еді», «тамақты ыстықтау ішетін әдетім еді», «ерте тұратын әдетім еді» дейді. Бұл әдет деп айтылғанымен белгілі бір жайға, жағдайға қалыптасу деген сөз. Демек, әдет — ғұрып халық тәжірибесінде адамның белгілі бір істі, ұғымды, көңіл — күйін білдіретін іс — қимыл көрінісі деп қараған жөн болар еді. Қазақ халқының салт — дәстүрлері һәм әдет — ғұрыптары зерттеліп, жиналып, қаралып, көпшілік оларға назар аударғаны бүгін емес. Осынау қазынаның ек рухани, мәдени жағы ғана емес, сонымен бірге өскелең ұрпақ тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын әсте естен шығаруға болмайды. Ұлтымыздың осынау тәлім — тәрбиелік немесе сезімдік әдет — ғұрыптарының мәніне терең үңіліп қарап, сырын ашатын болсақ, онда одан өте көп ғибратты істерге қанық боламыз. Бұның халық тағылымындағы, мәдениетіндегі, психологиясындағы сан салалы істің елеулі тармағы екеніне көз жеткіземіз.
«Арқан тартыс», «Бес тас», «Асық ату» ойындарына белсене қатысқан оқушылардың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтары ояна түсті.
Сонымен қоса, балалар «Түркістан» мультфильмін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының негізгі басты мақсаты да жас ұрпаққа ұмыт бола бастаған төл мәдениетімізді, жөн-жоралғыларымызды кеңінен насихаттау.
Қызмет ақпарат
(1980)
Leave a Reply