*Бай адамдар өмірінен: Әлішердің арманы «Арсеналды» сатып алу

Неге екенін, ең үздік ресейлік бай-манап Әлішер Усмановтың өмірдерегі соншалықты қызықтығына қарамастан арысы Голливуд, берісі «Мосфильмнің» назарын аудара қойған жоқ. Қарап отырсақ тегі өзбек бұл манаптың жүріп өткен жолы мен басынан өткерген оқиғалары көрермен көз алмай тамашалайтын бірнеше фильмге азық боларлықтай. Бақытты балалық шақ,семсерлесуге деген құмарлық, темір тор, махаббат… Бір ғана жәйт түсініксіз:

Ол бақытты ма?

Балалық-жастық шағы

Бәрі Толстойдың романындағыдай: жағдайы келіскен отбасында өсті. Әкесі кеңес үкіметі тұсында ең маңызды мансаптың бірі,Ташкеннің прокуроры болды, ал Өзбекстан үшін бұл қызметтің орны ерекше еді. Бала Әлішерде сол заманның өлшемі бойынша не керек соның бәрі болды. Бірақ ол-қолда барды шашып-төкпей , спортқа бой ұрады. Семсерлесуден айтарлықтай жетістіктерді бағындырады. КСРО-да спорттың осы түрінен үздік атанып, құрама сапына енеді. Әлишер сол кездегі ең үздік МГИМО-ны бітіріп шыққан.

Бәрі жақсы еді, бірақ… 27 жасында болашақ миллионерді жолдасы, Өзбекстаннның қауіпсіздік комитетінің баласымен бірге тұтқынға алады. Бопсалау кінәсі тағылып, сот ең қатыгез шешім қабылдап, екеуін де 8 жыл бас бостандығынан айырды. Әлішердің әкесін қызметінен босатты…

Бұл кеңес кезіндегі ең шулы істердің бірі болған«мақта ісімен» байланысты еді. Билікте өз адамын қалдыру үшін жүріп жатқан кландар арасындағы күрес, ешкімді аяған жоқ. Бұл күресте қандай амал болмасын жүзеге асыру керек болды, соңы үлкендерді мансабынан айыру  үшін балаларын жазалады. Сегіз жылдық жазаның алты жылын өтеген Әлішер бостандыққа шықты, 14 жылдан кейін Өзбекстан Республикасының  Жоғарғы соты оны қолдан жасалған істің құрбандығы ретінде таныды.

Ол ақталған 2000-шы жылдары дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі еді. Сондықтан да сот шынында жиырма жыл өткен істі қайта қарап шығып оң шешім қабылдады ма, жоқ, мәселеге оның сол кездегі жағдайы әсер етті ме, бұл жағы ойлануды қажет етеді.

Бизнес-менің өмір сүру салтым

1986 жылы бостандыққа шыққан Әлішер бірден бизнеспен айналысуға кірісті. Алғаш аңшылықпен әуестенетін шетелдіктер үшін Памирге турлар ұйымдастыратын компания құрады. Әрине, бұл тұста Усмановқа жоғарғы жақтағы байланыстары  көмегін тигізгені айтпаса да түсінікті. Ол байланыстан кенде емес еді.Бұл кезде оның студенттік кездегі жолдастары  Мәскеуде саясат қана емес бизнес әлемінде де «танымал» тұлғалар
еді.Солардың көмегімен ол полиэтилен бұйымдарын шығаратын цехты іске қосты және Ресейге темекі өнімдерін тасымалдады. Осы екіарада білімін де көтеріп үлгерді. Қаржы академиясын бітірді. Банк істері маманы деген «қатырма қағазы» тағы бар. Енді оның жұмысына кедергі болған жоқ.
Тіпті 1993 жылы Ташкеннен шыққан белгісіз бизнесмен сол кездегі беделі артық болған «Алғашқы орыс тәуелсіз банкісінің» директорлар кеңесінің құрамына енді. Енді ол туралы айта бастады.Ол Ресей бизнесіндегі беделді тұлғалардың біріне айналды. «МАПО-банктің» басқарма төрағасының орынбасары, «Интерфин» банкаралық компаниясының басшысы.«Газпроминвестхолдинг» бас директорының орынбасары, бас директоры. АЛ, 1999 жылы Усманов «Архангельск жахұттары» директорлар кеңесіне кіреді.

Балалық шақтан қалған құмарлық

Бала шақтағы семсерлесу сабақтары оның кейінгі өмірінде де маңызды орын алды. Ол бұл жетістіктерін ешқашан ұмытқан емес, осы естеліктер Усмановтың Ресейдегі семсерлесу қауымдастығын, кейінірек халықаралық қауымдастықты басқаруына септігін тигізді.

Ал, футболист болу кез-келген баланың арманы десек жаңылыспаймыз. Ол футболды ешуақытта көңілінен таса еткен емес, кәсіпкерлікке келген соң ол, футболға бизнес тұрғысынан қарай бастады. Оны бренд мәселесіне ерекше назар аударды. Сондықтан да бүкіл Европа білетін «Арсеналды» сатып алу керек деген байлам жасап, акциясын сатып ала бастады. Бірақ, Усмановқа қазір ең басты қарсыласы американдық милиардер Стэн Кронкеден асып түсу оңай болып тұрған жоқ. Сарапшылар американдықпен өзбекстандық миллиардердің «Арсенал» үшін басты шайқасы
әлі алда дегенді айтады.

 Орамалдың құдіреті немесе бүкіл өмірге жететін махаббат

Әлішер әйелі Ирина Винермен  жасөспірім шағында танысқан. Ол өз қатары арасында семсерлесудің шебері болатын, ал, Ирина сол спорт кешенінде көркем гимнастикамен шұғылданып жүрді. Жолығыпқалғанда көздері арбасып, жалын ататын.

Тағдыр, Әлішер түрмеге жабылды. Бір күні Иринаға Әлішерден сыйға орамал келді.Өзбек салты бойынша бұл үйленуге деген ұсыныс еді.Иринаның орамалды қабылдағаны, келісім бергені еді. Олар осылай бас қосты. Бүгінде Иринаның кім екенін көркем гимнастикадан хабары бар көпшіліктің
бәрі біледі. Ол Ресейдің осы спорт түрінен бас бапкері, оның шәкірттерін Алина Кабаевадан бастап бүгінгі олимпиада чемпионы Женя Канаеваға дейін түгендейміз.

Олардың баласы жоқ. Бәлкім содан болу керек, көркем гимнастикаға келген қыздарды өз балаларындай қамқорлықтарына алатыны. Бала жоқ, ақша бар.Жолы болған олигархтың тағдырындағы  басты қарама-қайшылық осы шығар.

      Дайындаған: Б.Жақсыбекқызы

Сурет: sport-xl.net

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}



Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика