Айта кету керек, барлық 479 бейнебақылау камералары мен 212 зияткерлік камералар Шымкент қаласы полиция департаментінің ахуалдық орталығына біріктірілген. Сондай-ақ, қала әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Сергек» аппараттық кешенін орнатып, бейнебақылау камераларының саны мыңға жуықтады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Қазақттелеком» АҚ тарапынан 1 152 тұрғын үйдің кіреберісіне 2 472 камера орнатылды. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында тұрғын үйлер ауласы да бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Қазір тұрғындардың өзі ұрлық қылмысын болдырмау мақсатында бейнебақылауды күшейтіп, қолқанат болуда.
Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. Шымкенттегі орталық 747 көшенің 220 көшесі немесе 30 пайызында жарық бар. 2021-2023 жылдары 70 пайыз көшені энергия үнемдейтін ЛЭД-шамдармен жарық жүргізіледі. Қаланың қауіпсіз бола түсу үшін тілсіз жаудан сақтану үшін де қалада 9 депоға қосымша 3 депо салынбақ. Былтыр 31 техника алынып, жабдықтау бойынша Шымкент Қазақстанда алғашқы орынға шықты.
Leave a Reply