«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Біз әлемнің барлық жетекші елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің іргетасы – білім есебінен салынған экономика екенін көріп отырмыз. Білім – ілгерілеу және барлық инновацияның қозғаушы күші. Адами капитал мен елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім саласының рөлі өте маңызды.Біз  білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, оларды бірлескен жаңашыл форматтағы жұмыс жобасы негізінде жүзеге асыруды қолға алып келеміз. Белгіленген межеге қол жеткізу жолындағы әрбір қадам маңызды және құнды болатындығы сөзсіз.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес,  БҒМ кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Өйткені, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бірден бір  жолы – кітап оқу. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Осы мақсатта Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс жоспары аясында «Кітап оқуды насихаттаудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында мектеп кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар өтті.  Семинардың мақсаты – «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,  кітап оқу сауаттылықтарын қалыптастыру.  Аталған шараны химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Буксукбаев Қайырбек Сәбитұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар барысында Шымкент қаласындағы химия-биология Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кітапханашылары NIS кітапханаларында кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шаралар мен кітапханалық сабақтарда қолданылатын «Әдеби лото», «Kangaroo Words», «Пирамида» әдіс-тәсілдері мен  «Gynzy» сервисін таныстырып, тәжірибе жүзінде қолданып көрсетті.  Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары өздерінің тәжірибесінде қолданып жүрген НЗМ әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс жүргізілді.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика