ҚАЗАҚСТАН ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ТӨРТ «АЛТЫНМЕН» АЯҚТАДЫ.
ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДАРХАН ЕСЕНҒАЛИ БАР!
Еліміздің жүрегі Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық команда жеті медальға ие болды.
Соңғы күні тұғырдың бірінші сатысына жерлесіміз Дархан Есенғали (74 келіге дейін) және Азамат Даулетбеков (86 келіге дейін) көтерілді.
Екінші орында Ризабек Айтмұхан (92 келіге дейін) және Юсуп Батырмурзаев (125 келіге дейін) болды.
Команда құрамында барлығы жеті медаль бар. Бұған дейін «алтынды» Санжар Досжанов (70 келіге дейін) және Болат Сакаев (79 келіге дейін), ал Рахат Қалжан (57 келіге дейін) үшінші орынға ие болған.
Қазақстан құрамасының балуандары Париж олимпиадасында осы жетістікті қайталай берсін!
БАСКЕТБОЛДАН ЕРЛЕР КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЛИГА ЧЕМПИНОНАТЫН ШЫМКЕНТ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
Көкшетау қаласындағы «Жақсы 2» спорт кешенінде баскетболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІ чемпионаты аяқталды. Биылғы маусымда жоғарғы лигада 12 команда бақ сынап, үздіктер қатарынан көріну үшін бар күш-жігерлерін көрсетті. 5 турдан тұратын чемпионатта мықты деп танылған командалар үздік орындарға жайғасты.
Бұл маусымда барлық қарсыластарынан басым болған Шымкент қаласының Муслим Шакиров баптайтын «Шымкент» командасы жеңістің шыңын бағындырып, алтын медальға иелік етті. Ал, жүлделі екінші орынға Петропавлдың «Барс» құрамасы жайғасса, Алматы қаласының «Алматинский Легион 2» командасы қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, чемпионат барысында үздік ойыншыларда анықталды. «Ең үздік ойыншы» номинациясымен шымкенттік Ануар Шакиров марапатталса, тағы бір шым қаланың сайыпқыраны Жалғас Қадыр «Үздік ойыншы» деп танылды. Ал, Шымкент командасының жаттықтырушысы Муслим Шакиров «Үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болды.
Қызмет ақпарат
(1607)
Leave a Reply