ҮШ ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢ ЖАҢАДАН АШЫЛЫП,  БҰҒАН ДЕЙІН ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН ЕКЕУІНІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Шымкент қаласында өнеркәсіпті қарқынды дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жаңадан 3 өнеркәсіп алаңы құрылып, тағы 2-еуінің аумағы кеңейтіледі.  Мұндай ақпаратты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының халқымен өткен кезекті кездесуінде айтты.

–Қалаға инвестиция тартуды көбейтіп, тартылған қаржылардың есебінен өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету әкімдік жұмыстарының басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта биыл жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты қазіргі қалпынан кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді жосапрлап отырмыз, – деді қала әкімі М.Әйтенов кездесуге келген тұрғындар алдында.

Әйтеновтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы 5 өндірістік алаңда 80 100-ден астам жұмыс орны құрылған. Бұл осынша қалалық тұрақты жұмыс орнымен қамтылды деген сөз. Ал, жаңа индустриалды аймақтарда  8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

 

–Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Халықты тұрақты жұмыспен қамтуға шағын және орта кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салалары екерше ықпалын тигізуде, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымқалада осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2021 жылы 51 мыңға жуық болса, 1 жылдың ішінде яғни 2022 жылы бұл көрсеткіш 16 мың адамға дейін қысқарған.

Қызмет ақпарат

(1890 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика