ӨМІР СҮРУДІ ҒАЖАЙЫП ЖАНДАРДАН ҮЙРЕНУ КЕРЕК

Адамның адамнан айырмашылығы жоқ, бірақ ерекшелігінің болуы әбден мүмкін.

Бүгін Шымкент қаласында тұратын ерекше жандар соның ішінде балалар үшін ерекше күн болды. Өмірлеріне Наурыз атты мереке , көп қуанышты сәттерін ала келді. Ең бастысы олар мына қоғамда орындары барын сезінді. Еңбектерін жарқыратып көрмеге қойды.

Аталған іс-шара Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихатаы және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы. AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Бар екендерін, қоғамға пайдалы екендіктерін көрсетуге   «Оған «IamBala» ҚҚ, «Ерекше жол», «Жақсы сиқыршы», «Рахмет саған, анашым» ОМД, «Өркен» ББФ, «Жігер» ҚБ, «Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы» ҚБ, «Іскерлік қауымдастық» ҚБ қамқорлығындағылар және Шымкент қалалық арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері келді.

 

Ерекше жандарға арналған бүгінгі жиынның негізгі мақсаты оларға жақсы көңіл-күй сыйлау,  түрлі қорлардың қамқорлығындағы адамдармен кездесіп,  пікір алмасу болатын,-дейді ұйымдастырушылар.

Акция қалай өтті?

Көрме залы бірнеше секторларға бөлінді.  Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, суреттер, аппликациялар және қолөнер шеберлерінің бұйымдары келушілер назарына ұсынылды.

Ойын-сауық секторында аниматорлар балалармен жұмыс істеп, түрлі конкурстар ұйымдастырды. Жеңімпаздар анықталды.  Балаларға  ойындарда ұнады. Өздері де қарап қалған жоқ. Келушілерге концерт алаңында өнер көрсетті.

Тең қоғам деген осы. Ол қағаздағы бағдарлама емес, еркешелігі бар жандардың қоағмдағы басқа адамдармен тең өмір сүруі.

Балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың да шығармашылығы бар. Оларда    ізденіп  дүниетанымын дамытқысы келеді. Олардың да қоғамға пайдалы болғысы келеді. Ғажап жандар үшін ең үлкен өзгеріс өздерінің қоғамға керек екенін сезіну . Сол себепті алдағы уақытта да  ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек.

Өмір сүруді ғажайып жандардан үйрену керек!

Қызмет ақпарат

(1803)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика