QAZAQSTAN LIVE FEST 2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқарма­сы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілге­рілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байла­ныстар. Және ең соңғысы – креа­тивті индустрия. Бұл қызмет атал­ған басқармаға жуырда ғана қала әкі­мінің тапсырмасына сәй­кес қо­сылды. Бүгінгі таңда Шым­кент қа­ла­лық мәслихаты бас­қар­ма ата­уын өзгерту бойын­ша ше­шім шығарып қойды. Тір­кеу жұ­мыс­тары аяқталған соң бас­қар­ма атауы өзгереді. Енді туризм, сыртқы байланыстар және креа­тивті индустрия басқармасы болып аталады. Шымкентте туризмді дамыту мақса­тында қаладағы инфрақұрылымдарға мо­ниторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни сырттан турист келгенде қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі шоқтығы биігі ол – цитадель. Яғни ескі қала аумағындағы бұрынғы қалпына келтірілген қорған ғимараты. Тарихи құндылығына орай ол әлеуметтік желілерде басқа да жарнамалық құралдар арқылы насихатталып отырады. Содан соң қаланың мақтанышы саналатын дендрологиялық саябақ бар. Ол жерде тал-теректің, ағаштардың 500-ден аса түрі өседі. Саяхатшылар Бәйдібек би ескерткіші мен соның айналасындағы демалыс орнына да көп келеді. 2023 жылдың 18-20 мамыр аралығында Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі өтуде. Астана қаласында өтіп жатқан бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді.  Соның ішінде Шымкент қаласы туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында. Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды. Көрме аясында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады. Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде.

Қызмет ақпарат

1952 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика