ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН РҰҚСАТСЫЗ ЖҮРГІЗУГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Шымкент қаласы аумағында жүргізілген газ құбырларының кейде бүліну факторлары кездесіп жатады. Ол көбіне қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізген жағдайда орын алып отырады.
Сол себепті орын алған осындай олқылықтар анықталған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 305-бабында көзделген құқықбұзушылықтар негізінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.
Газбен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын мекемелердің ((«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, жеке меншіктер) келісімінсіз жұмыстар жүргізу кезінде орын алған келеңсіздіктер әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Атап айтатын болсақ: жеке тұлғаларға – 10 АЕК; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК; орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 2022 жылы, 3 063 теңге болып белгіленген.

Related Posts

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

  Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме…

Қызмет ПДФ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика