2024-09-20

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ «ҮЗДІК АУДАН» НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Шымкент қаласында 10-шы рет ұйымдастырылған «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Азаматтық Альянс өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты түрде табыстады.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты қаламызды көркейту мен абаттандыруға қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа шақыру болып табылады.
Әл-Фараби ауданы аумағынан байқауға қатысуға ниет білдірген үй басқарушылары мен орам, көше басқарушылары өз аулалары мен көшелерінің санитарлық тазалығын, көгалдандырылуын, гул отырғызу және кутіп-ұстау, баптау жұмыстарына белсенділік танытты.
Байқау шартына орай 2022 жылы Әл-Фараби ауданы аумағынан қатысуға өтініш білдірген:
«Үздік аула» номинациясы бойынша-86 үй;
«Үздік көше» номинациясына – 27;
«Үздік шағынаудан» номинациясына – 8;
«Үздік үй» номинациясына – 11;
«Үздік қызметкер» — 14;
«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықталды.
Байқау нәтижесіне сәйкес Әл-Фараби ауданы қала бойынша «ҮЗДІК АУДАН» НОМИНАЦИЯСЫНА ие болды. Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды.
Айта өтейік, дәстүрлі конкурс қала тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны абаттандыруға үндейді. Биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акцияға Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды.  Аталған акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қала мен ауласын таза ұстауға біріктіру. Бұл жоба ең таза аула мен үздік көшені анықтауға, сондай-ақ қала тазалағын сақтауға бағытталған. Акцияға қатысуға қаланың барлық тұрғындары өтініш білдіре алады. Жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу жоқ. Яғни шаһардың кез-келген тұрғын қатыса алады.

Яндекс.Метрика