КОНТЕЙНЕРДІҢ ЖАНЫНДА НҰСҚАУШЫ ТҰР

 

СӨЗ ТҮЗЕЛДІ, ТЫҢДАУШЫ СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ
дейтін бе еді?!
Шымкент қаласының тұрғындары, түзелмесек болмайды, енді. Қоқысты бөліп-бөліп тастау керектігі туралы ойланайық. Ойда жүрген нәрсе әрекеттен көрінеді. Солай ету керек деп үй-ішіне айтайын. Баланың санасына сіңеді. Әп әдемі контейнерлер бырқыратып бар қоқысты лақтырып тұрсақ, санамыздың ластанып кеткенін көрсетпейміз бе?
Қала да, айнала да өзіміздікі. Ешкімнің бөліп алған ауасы жоқ!
Әзірге пилоттық жоба екен.

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС СҰРЫПТАЙТЫН КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛА БАСТАДЫ

Бұл пилоттық жоба алғаш рет Қаратау ауданы аумағында жүзеге асып отыр. Инвестор «DE support» мекемесі тұрмыстық қалдықтарға арналған 5 түрлі контейнер орнатқан. Темір, пластик заттар мен шыны, қағаз және тамақ қалдықтарын сұрыптау үшін таңғы сағат 09:00-17:00 аралығында арнайы қызметкер жұмыс істейді.

Бұл бағыттағы жобалар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлуге шақырады.

Тұрғындар арнайы контейнерлерге қосымша ақы төлемейді. Инвестор ретімен жиналған қалдықтарды қайта өңдеу үшін кәсіпорындарға өткізіп, пайда табады.

Қаратаудан жаңадан ашылған контейнерлерде 8 көпқабатты тұрғын үйдің тұрмыстық қалдығы сұрыпталады. Тұрғындар қалдықтарды оларды сұрыптау мәдениетін үйренгенше арнайы бір қызметкер жұмыс істейді. Осы жоба аясында келесі айда 15 орынға осындай контейнерлерді қою көзделуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
БАЙТАҚ ПАРТИЯСЫ ДА БІР КОНТЕЙНЕР ҚОЙЫП ҚОЙСА БОЛАДЫ ЕКЕН.

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика