“ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ШАҒЫН АВТОБУСТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ — кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық ойындар қайта жаңғырып, реконструкцияланған «Металлург» стадионында өтті. Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионда жастардың спортпен алаңсыз айналысуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. «Шымкент жастар лигасы» жобасында футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жобаның финалдық кезеңіне қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды. “Осыдан үш жыл бұрын республикада алғашқы болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірегей жобаны бастаған болатынбыз. Бұл жоба сәтті жүзеге асып, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың үлкен қолдауына ие болып отыр. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс жастарымыздың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруда.  Биыл лигаға 6 мыңнан астам оқушының қатысуы – лиганың бұқаралық сипат алғанының көрінісі” – деді қала әкімі.  Салтанатты шарада маусымның жеңімпаздары марапатталды. Әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.  Шахматтан — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің, волейболдан — А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының, баскетболдан — М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның, ал, футболдан — Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының командалары лиганың чемпионы атанды. Әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл  парасаты  мол, мәдени, ғылыми  өрісі  озық етіп тәрбиелеу  аға  буынның  қоғам алдындағы зор  борышы. Ал  жастарды жан-жақты қабілетті  азамат  етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі  зор.  Қазақ  халқы —  рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген   күміс  күйі, сыбызғы  сырнайының  үні,  асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары   мақал-мәтел,  шешендік  сөз, айтыс өлеңдерінің  сан ғасыр бойы  өз ұрпағын  сегіз  қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп келгені  тарихи шындық. Тәуелсіздік   туы желбіреген  егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде,  олардың  бойына  ізеттілік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін,  Отанын  сүюшілік секілді  ең  асыл қасиеттерді  қан мен  жанына  сіңіруде   осы ата-бабамыздың   салт-дәстүр негізін ұстансақ өте  ұтымды болар еді.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика