БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

 

Шымқалада 2 күнге созылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ «Деловой Казахстан» халықаралық ақпараттық агенттік директоры А.Қоржұмбаев, Factcheck.kz ақпараттық сайтының тілшісі Ж.Тілеухан, мобилограф А. Жақсыбаев, ҚХА журналистер клубының мүшелері, блогерлер, «Уйғур Авази», «ДАЗ», «Коре ильбо» т.б этноБАҚ өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен баспасөз қызметкерлері қатысты.

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық орынға ие болды. Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Қазіргі дәуір қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында жүріп жатыр. Сондықтан, БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе.

БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.

БАҚ-тың ықпалы мен қоғамдағы жағдай саяси саланың негізгі құралы мен бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өрісі кеңеюде және жаңа деңгейге өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдылар мен құралдарына үйрету, баспасөз қызметкерлерінің, Журналистер клубы мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау бағытындағы ақпараттық жобалар, интернет кеңістігіндегі ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары талқыланды.

Отырыс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика