ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында
— біліктілікті (дағдыларды),
— кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын,
— оқыту ұзақтығы,
— жұмыс берушілердің сұратуы негізінде мамандықтар тізбесі мен адам санын бекіту жөнінде комиссия отырысы өтті.

2022 жылы ұлттық жоба бойынша жылдық жоспарға сәйкес, 760 азаматты оқыту жоспарланған. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен қарай 3 (үш) ай мерзімді құрайды.

Жыл басынан «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 40 жұмыс беруші мекемеден 1240 адамға, 32 мамандық бойынша өтінім түсті.Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының 24.03.2022 жылы №60-Ө бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ 40 мекемеге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:
— салық және басқа да әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар 2 мекеме;
— материалдық-техникалық базасы стандартқа сәйкес келмейтін (яғни жұмыс орны сәйкес емес) 3 мекеме;
— мекеменің тіркелгеніне бір жылдан аспаған 1 мекеме.
Толық қағидадағы яғни критерияға сәйкес, 34 мекеме іріктелді.

Нәтижесінде, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша бекітілетін 34 жұмыс берушіге 760 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Жұмыссыздық зардабын бəсеңдететін факторлардың қатарына ғылыми-техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласындағы еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жатады. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың əр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен жəне халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

Дүние жүзіндегі маңызды мəселелердің бірі — жұмыссыздық деңгейін төмендету жəне жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу.

Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы, қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мəселесі болып табылады. Бұл — біздің елде де орын алып отырған басты мəселе. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар, көбінесе, халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдыраған кезде жастар дағдарыстың əсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, əсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құрауда.

Бұл тек біздің елдегі ғана өзекті мəселе емес. Халықаралық еңбек ұйымы əлемдегі жастар арасындағы жұмыссыздық «дағдарыс деңгейіне» жетті дейді. Ұйымның баяндамасында əлемдегі жастардың 13 % жуығы жұмыссыз екені айтылған. Ал қазақстандықтар елдегі жұмыссыздық туралы əр түрлі пікірлерін айтты.

Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына сəйкес жұмыс беруші кəсіпорын халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға мүдделі:

  • жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жəрдем көрсету;
  • қызметкерлерді кəсіби даярлау жəне оларды оқыту жүйесін дамыту;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жəне жүргізуге жəрдемдесу;
  • қызметкерлерді сақтандыру жəне тағы сол сияқты əрекеттер жүргізу.
  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика