ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ  ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында Ордабасы мен Атырау командалары арасында тартысты матч өтуде. Ойынның ашылу салтанаты сәтінде 4 маусым Рәміздер күніне орай ҚР еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады.  Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті. Ойын барысы жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Бұл ойынды көруге келген жанкүйерлердің көңіл-күйінен айқын байқалды. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Бұл әлсіздікке мойынбас үшін күнде таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады ғой. Бірақ көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей есейген соң жалқаулықтың құрсауынан босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, тамақты уақтылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін кеңесңім бар. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында, саяабақта, алаңда жарты сағаттай жүгіру қажет. Егер, жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе таңғы таза ауада серуендеуге болады. Сондай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады.

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика