ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша Еңбекші ауданының №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті. Жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу.  Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында 7 бағыт бойынша: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» қабылдаулар жүргізді.  Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады. Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді.  Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтарға әртүрлі сала мамандары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге берілетін квоталар туралы кеңінен ақпараттар берілді. Жоба аясында келесі қабылдау Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында жалғасын табатын болады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының ең маңызды құрамдас бөлігі және оның негізі – тұлғаның ұлттық идентификациясын дамытудың негізі ретінде адамның этникалық әлеуметтенуіне бағытталған этно-қалыптастырушы компоненті. Адам үнемі өзгеретін әлеуметтік ортада өмір сүріп, оның әртүрлі ықпалын сезінеді, жаңа әрекеттер мен қарым-қатынастарға қосылады. Сонымен қатар, ол әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға мәжбүр болады: мектеп оқушысы, студент және т.б. Нәтижесінде адам өзінің өмірінде жаңа әлеуметтік тәжірибеге ие болады және сонымен бірге қоршаған ортаға белгілі бір жолмен әсер етіп, әлеуметтік қарым-қатынастарды тудырады. Адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену — адамның әлеуметтік ортаға кіруі және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделуі.

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика