ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағын ауданында салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылысы аяқталды. Балалар шығармашылығын дамытуға арналған орталықтың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Яғни, бір уақытта 500 бала шығармашылықпен айналыса алады. Мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен, жоба бойынша күніне 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.  Аталған мектеп оқушылардың қабілетін шыңдап, талант көзін ашып, ой-өрісін дамытатын болады. Тоғыз жүз мың шаршы метрді құрайтын, үш қабатты ғимараттың ішінде оқушылар үшін бассейн, күресу залы, жекпе-жек залы, үстел теннисі ойындарының залы орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма үйірмесі, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау залы бар. Ғылыми техникалық бөлігінде 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, ал гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелерін табуға болады. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сонымен қатар футбол алаңы, баскетбол, волейбол, воркаут, балалар ойын алаңы оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға арналады.   «BI-Global» ЖШС-і салып жатқан нысан құрылысы 2021 жылдың аяғында басталды. Таяу арада Оқушылар сарайы мемлекеттік мекеме ретінде балалар игілігі үшін пайданалуға беріліп, жүзге жуық қызметкер жұмысқа тартылады деп күтілуде. Жастар кез келген жұмыста өзін жақсы қырынан көрсетуі керек. Өзіне берілген жұмысты жауапкершілікпен орындап, жетістікке жетуі тиіс. «Қолымнан келмейді» деген сөзді айту – әлсіздердің ісі. Сондықтан қалауын тапсаң, қар да жанады. Тек сол жұмыс үшін тиісінше ерінбей еңбек етуі тиіс. Ең басты байлық – денсаулық демекші, кез келген жұмысты абыроймен атқару үшін денсаулық мықты болуы керек. Дені сау адам ғана бұйырса арманын іске асыра алады. Сондай-ақ, жастардың өз ұлтын сүйіп, отансүйгіш болғаны маңызды.Сонда ғана мемлекетке зор әсерін тигізетін тұлға тәрбиеленеді. Жемқорлыққа да, әділетсіздікке де жол бермес еді. Егер осындай жастар қауымы тәрбиеленсе, мемлекет пен жастардың болашағы жарқын болады. Ата-бабадан мұра болып қалған, ұлан-ғайыр жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, халқымызды , тарихымызды мәңгіге сақтап қала аламыз. Сол үшін болашаққа қарай нық сенімен қадам басуымыз керек!

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика