Мәдениет кітап оқудан басталатынын білесіз бе?!

МОДЕРНИЗАЦИЯДАН КЕЙІН ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАР САНЫ 33% ҒА АРТТЫ

Кітап оқу, кітапқа үңілу, кітаптың ішіне кіру, жата-жастана оқу, астын сызып оқу секілді тұрақты сөз тіркестері кітап бағасының құндылығын көрсетсе керек. Жан азығын кітаптан, көркем шығармадан алатын адамның тұла бойы тұнып тұрған қазына. Оқып отырып кейіпкеріңнің бейнесін көз алдыңа елестетесің, бірде мырс етсең, енді бірі мехнатымен азап шектіреді. Қиял әлеміне жетелеп, рақат сезімге бөлейді. Ойға ой қосып, жан сарайыңды ашады. Ақылыңа ақыл қосады. Жазушымыз Ш.Мұртаза «Мәдениеттің мәйегі — кітап» дегені арада қанша жылдар өтсе де өз маңызын жоймай тұр.  Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген.  Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста.  Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды  оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы   кітаптарды тыңдай алады. Қазіргі таңда, арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376  дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам. кейін кітапхананың оқырман саны  бұрыңғы оқырман санынан 33% ға артқан.

 

Қызмет ақпарат

1641 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика