Сауда министрі сәбіз, картоп, сүт бағаларын қалай реттейтінін түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин еліміздегі сәбіз, картоп, сүт, қарақұмық, күнбағыс майы бағаларын тұрақтандыру қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Естеріңізде болса, былтыр сәбіз бен картоп бағасына қатысты көп әңгіме болды. Біз Жамбыл, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының сәбіз бен картоп өндірушілерін жинадық. Олар гербицид, пестицид, тыңайтқыштарға 4 млрд теңге қаражат беріңіздер деп сұрап отыр. Олар сәбізбен картоптың бағасын тұрақтандырып береді. Күнбағыс майын өндірушілер бізге экспортты жауып беріңіздер дейді. Сонда шикізат елімізде қалады, ал қарақұмық өндірушілер шикі қарақұмық сатып алуға 1 млрд теңге сұрап отыр. Бағаны сол арқылы тұрақтандырамыз, — деді Серік Жұманғарин.

Ведомство басшысының айтуынша,  сүт нарығында да осыған ұқсас схема жұмыс істейді.

Олар бізден құрғақ сүттің шикізатын сатып алуға 1 млрд 130 млн теңге сұрады, яғни қазір біз бүкіл қаражатты бір жерге шоғырландырамыз. Осыған дейін әр өңірдің әкімдігі ол қаражатты өз қалауынша игеретін. Енді біз ақшаның шикізат сатып алуға жұмсалуын бақылаймыз. Бұл жоғарыда аталған тауарлардың бағасы көтерілмейді деген сөз. Меморандум бір жылға жасалады, — деп түйіндеді сөзін Жұманғарин.

Олжас АДАЙФото: ашық дереккөз

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика