Қазіргі уақытта 9 млн гектардан астам астықты жинадық — АШМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы қолайлы жағдайлар егін жинау жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 9,2 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналып, үлесі 57,8%-ды құрап отыр. Орташа өнімділік гектарына 12 центнерді құрап, 11,2 млн тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірлерінде басталғанын атап өту қажет, — деді вице-министр.

Сонымен қатар ол егіс науқаны қалай жүргізілгеніне тоқталды.

Осы жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарға тең болса, оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн гектарды құрайды. Айта кету керек, егіс науқанының сапалы тұқымдарды қолдана отырып, оңтайлы мерзімде жүргізілді. Фермерлер уақытында тыңайтқыштар енгізіп, арамшөптер мен ауруларға қарсы дақылдарды химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізді. Бұл өз кезегінде дақылдардың жағдайына оң әсер етті, — деді ведомство өкілі.

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика