Шымкент қаласындағы 23 мектеп лицейде дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Шараның басты тақырыбы – “Дене шынықтыру сабағында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану” болды. Семинар барысында қала мектептерінен жиналған мұғалімдер оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру мен оқу үрдісін қызықты ету мақсатында цифрлық құралдарды қолдану тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ, интерактивті жаттығулар, қадам өлшеуіштер мен сабаққа керекті бейнеанализ құралдары, цифрлық платформалар арқылы сабақ тиімділігін арттырудың жолдары қарастырылды. Қатысушылар білгендерін бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін, тәжірибелерін ортаға салды. Тәжірибелік бөлімде семинарға қатысушылар жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған заманауи әдістерді іс жүзінде байқап көрді. Бұл жолы да әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақты қызықты әрі мазмұнды ету жолындағы жаңа идеяларды талқылады. Салауатты өмір салтын насихаттап, баланың физикалық саулығын қалыптастыруға арналған семинар дене шынықтыру сабақтарын жаңғыртып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырудың тағы бір қадамы болды десек қателеспейміз. Спорт пен жаңа технологияны үйлестіру мектеп бағдарламасындағы бала денсаулығын қалыптастыру жолындағы денсаулық пен білімнің жаңа деңгейі. Семинар жұмысына осындай баға берген мұғалімдер үйреніп, ойға түйгендерін жұмыс барысында қолданып, нәтижеге жұмыс істейтіндерін айтып тарасты. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай — ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті – оқушылардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу — тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады. Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орны таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.» Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл — ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін. Қазақ халқы « тәрбие басы — тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі — барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы — қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Біздің мектебімізде де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.Түрлі спорт секциялары жұмыс істейді ( баскетбол, волейбол, футбол т. б).Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау ( тоғызқұмалақ, ).Мектептер арасында баскетбол,волейбол,футбол арасында жолдастық кездесулер өткізу; Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады. Әр топтың спорт секторлары дене тәрбиесі мұғалімімен тығыз байланыс жасап отырады. Тоқсан аралық демалыста сыныптар арасында дәстүрлі кіші футболдан жарыс үнемі ұйымдастырылып келеді. Барлық топ оқушыларымен бірге топтың жетекшілері мен шеберлерін қосып эстафеталық жарысты өткізу де дәстүрге айналған. Қозғалмалы ойындарға баскетбол, волейбол, футболды жатқызуға болады. Бұл жаттығулардың пайдасына тоқтала кетейік.
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр. Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық — әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1, 5 млн — дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі — сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. – Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Спорт кешенін ашып, мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істегісі келсе, арнайы ашылған www.artsport.edu.kz порталы арқылы өтініш береді. Жергілікті уәкілетті органдар қызмет көрсетушінің талапқа сәйкестігін тексеріп, порталға енгізеді. Өз кезегінде ата-аналар да баласын тегін өнер үйірмесі немесе спорт секциясына жаздырғысы келсе, аталған портал арқылы өтініш беруіне болады. Порталға тіркеліп, өз шағын ауданындағы спорт секциясын және ондағы спорт түрін өзі таңдап алады. Содан кейін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен медициналық анықтаманы дайындап өткізсе болғаны, баласы спорт секциясына тегін барады.
Бүгінде аталған бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқан аймақтардың бірі – Шымкент қаласы. Қала әкімінің орынбасары Мұқсұт Исаховтың айтуынша, мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жұмыс істеу үшін 109 кәсіпкерден өтінім түскен. Талапқа сай келген 67 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Олар 137 спорт кешенінде балаларды спорттың 16 түрі бойынша жаттықтырып жатыр. Тағы 12 өтінім қаралып жатса, талапқа сай келмеген 30 өтінім кері қайтарылған.
– Биыл 14 мың балаға бюджеттен 2 миллиард 323 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Ата-аналардан 15 281 өтініш түссе, соның 14 мыңымен келісімшарт жасалған. Осы бағыт бойынша Шымкент республикада бірінші орында тұр. Бұл – бағдарламаның артықшылығы ата-аналар баласын қай секцияға, қай спорт түріне беретінін өзі шешеді, – дейді қала әкімінің орынбасары.
Осындай жүйемен жұмысын бастаған спорт кешендерінің бірі – «Ануш». Бұл – мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін Шымкенттегі ең үлкен спорт кешені. Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан бұл кешенде спорттың 5 түрі, атап айтқанда, каратэ, таэквондо, дзюдо, бокс және еркін күрес бойынша 1 200 бала жаттығады.
– Қазір адамдар спортпен айналысу баланың денсаулығына да, тәрбиесіне де пайдалы екенін жақсы түсінеді. Күнделікті спортзалға келетін жеткіншектер түрлі жаман әдеттерден аулақ болып, ерік-жігері мен табандылығын шыңдайды. Болашақта мұндай балалар қиындыққа төзімді, тек қана алға ұмтылатын азамат болып өседі. Сол себепті ата-аналардың да, балалардың да ықыласы күшті. Бізде олардың алаңсыз әрі қауіпсіз жаттығуына барлық жағдай жасалған, – дейді «Ануш» ЖШС-нің директоры Ержан Бестереков.
Балалар тек жекпе-жек түрлеріне ғана емес, өзге спорттарға да қызығады. Мәселен, Шымкенттегі Basket Kids серіктестігіне қарасты 4 спорт кешенінде 500 бала баскетболмен, 220 бала волейболмен айналысады. Ал «Мадейра Мерей» спорт кешенінде 384 жасөспірім жүзумен айналысып жатыр.
– Қазір, әсіресе үлкен қалаларда ата-аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста болады да балалар сабақтан тыс уақытта қараусыз қалады. Олардың көбі компьютерлік ойындардан бас алмайды. Бұл – денсаулыққа өте зиян. Бос уақытын тиімді өткізбегендіктен, өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер теріс жолға түсіп, қылмыс жасап та жатады. Сондықтан мемлекеттің жас жеткіншектерді спортқа баулуға осылай назар аударып отырғаны өте орынды, – дейді греплингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Шымкент ММА академиясының директоры әрі жаттықтырушысы Қанат Сұлтан.
Әу баста ММА бағытында ашылған бұл спорт кешені өткен жылдан бері мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша да жұмыс істеуде. Қазір мұнда спорттың 5 түрінен 570 бала жаттығады.
– Бұл жүйе жаттықтырушыларға үлкен мүмкіндік ұсынып отыр. Мәселен, біздің спорт кешенінде бүкіл әлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша әлем чемпионы, кәсіби боксшы Олжас Байниязов, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Жаңбыров пен каратэден қара белбеу иегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Исабек сынды белгілі спортшылар балаларды жаттықтырумен айналысады. Олар бір жағынан шәкірт тәрбиелеп, ел спортын дамытуға үлес қосса, екінші жағынан қосымша табыс табу мүмкіндігіне ие болып отыр, –- дейді Қанат Сұлтан.
Иә, жастайынан осындай мықты жаттықтырушылардан тәлім алған жеткіншектер тек шымыр болып қана қоймай, олардың арасынан болашақ чемпиондар да суырылып шығарынан үмітіміз зор.
Жалпы, кәсіпкерлер мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істеудің тиімді екенін түсініп, осы бағытқа бет бұруда. Мәселен, Шымкенттегі Абай даңғылының бойында орналасқан бұрынғы «Ырыс» тойханасы спорт кешені болып қайта жасақталған. Ал «Тұран ГХА» және «Отырар» спорт клубы» компаниялары жаңа, үлкен әрі заманауи спорт кешендерін салып жатыр. Иә, бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Шымкентте 14 мың баланың спортпен шұғылданып жатқанын тек құптау керек. Бірақ халқының демографиялық өсімі жоғары шаһар үшін мұның өзі аз сияқты. Себебі қазір Шымкенттегі 204 мектепте 250 мыңға жуық оқушы білім алуда. Президенттің республика бойынша 4,5 миллион бала спорт секциялары және өнер үйірмелерімен қамтылуы тиіс деген тапсырмасы орындалуы үшін көрсеткіштер еселеп артуы керек. Тек Алматы облысындағыдай жағдай өзге аймақтарда да қайталанып, мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі тоқтап қалмаса деген тілек бар.
Қызмет-Ақпарат
Leave a Reply