Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандары ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады.
Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика