Бұқаралық спортты дамытамыз десек…
Соңғы жылдары Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңшалары жаңартылып келеді. Балалар алаңшасы – салауатты өмір салтын ұстануғ мүмкіндік береді, ал салауатты ұрпақ ұлт саулығының кепілі бола алады. Кішкентайынан ойын алаңшаларында ойнап өскен бала өсе келе спортқа бейімделе бастайды. Осылайша біз бұқаралық спортты дамыта аламыз. Жуырда Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласын аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты. Үй ауласында соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген.Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды.
ҚҰРСАЙДА ДА ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМ ЖҮРІП ЖАТЫР
Құрылысы қарқын алған Құрсай елдімекеніндегі Қарнақ көшесіндегі балалар алаңшасы тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында салынып жатыр.
Алаңды абаттандыру жұмысы мамырдың соңында басталған болатын. Қазір ойын елементтерінорналастыру жұмысы жүргізілуде. Мердігермекеме жуырда қолданысқа беру жоспарлап отыр. Мұнда балалар алаңынан бөлек демалуға арналғанбастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктеріжәне ойын элементтері қойылады.
Алаңша тұрғындар серуендеуге және денешынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Спорт элементтерімен бірге, балаларға да арналғанқұрылғылар орнатылуда. Жоғарыда аталғаналаңшалардағы ойын және спорт құрылғыларыШымкент қаласында өндірілген.
Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спрот алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық аумақтағы құрылыстың 85 пайызыаяқталып, жуырда ел игілігіне беріледі.
№3 БАЛАЛАР ҮЙІ ДЕ ЖАҢАРАДЫ
Бала – болашағымыз десек, биылғы күрделіжөндеуден өтетін білім ұйымының бірі — №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылыашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз дептанылған.
Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысынтексерді.
Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығыжеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз жәнежылыту жүйелері жаңарады.
Балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылыпайдалануға берілген. Сыйымдылығы 50 орынғалайықталған. Балалар үйінің негізгі ғимаратының сыртқы және ішкі бөлмелерінде жөндеужұмыстары жүріп жатыр. Қазір мұнда 47 бала тәрбиеленуде. Осы жылдың сәуір айында жөндеужұмысы басталғаннан, балалар №4 балалар үйінеорналастырылды.
—Балалар үйінің жөндеу жұмысы жоғарыдеңгейде, әрі сапалы болуы керек. Өйткені балалар—біздің болашағымыз. Олардың мұнда өсіп, білімалуында ешқандай кедергі болмауы қажет. Көбіміздің ата-анамыз бар болса, мұндағыбалалардың қамқоршысы мемлекет,—деді қалаәкімі.
Қазір жалпы жұмыстардың 40 пайызы орындалған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айынажоспарланып отыр.
Баспана басты мәселе
Отбасы банкінің клиенттері бұдан былай («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы алып тастай алады. Бұл жаңа қызмет несиені мерзімінен бұрын толықөтеген клиенттерге қолжетімді екен. Дәл сол күніолар өз баспанасын пайдалануға салынған шектеудіалып тастай алады.
Мобильді қосымшаның бөлек терезесінде клиент мекенжайды тіркеу кодын (МТК) көрсетуі керек. Ол egov.kz порталынан алуға болатын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамада көрсетілген. Содан кейін клиент ауыртпалықтардың тоқтатылғанын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Ізінше кейін ұялы телефонға SMS хабарлама түрінде жолданатын бір реттік құпиясөз арқылы операцияға қол қойылады. Осыдан кейін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды жою рәсімі аяқталды деп санауға болады.
Егер жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқасы Отбасы банк бөлімшесінде болса, онда қызметкерлер клиентке қоңырау соғып, кеңсеге шақырып, оған ыңғайлы уақыт белгілейді.
“Отбасы Банк жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды жою қызметін онлайн режимінде қолжетімді еткен Қазақстандағы бірінші қаржы институты. Осыған дейін клиент банк бөлімшесі мен ХҚКО-на бірнеше рет баруы қажет болатын. Сондай-ақ оған 3-тен 6 күнге дейін уақыт жұмсайтын. Ал енді бұл рәсім небәрі 15 минуттың ішінде жасалатын болды. Клиенттеріміздің уақытын үнемдеп, банк бөлімшелеріндегі кезекті қысқарту мақсатында, күн сайын жұмыс үрдісін жетілдетіп, жаңа құралдар енгізіп, азаматтарымызға қызмет көрсету барысын ыңғайлы етудеміз. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдауы мен Blockchain технологиясының арқасында мүмкін болды”, – деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары Эльмира Распекова.
Жаңа қызметті бірінші болып Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қолданып көрді. Бұл процедура бас-аяғы 5 минут уақытты ғана алды. 2011 жылы ер адам Отбасы банкінен депозит ашып, баспана құнының 50 пайызын жинап, 2018 жылы тұрғын үй заемын алған. Енді ол несиені мерзімінен бұрын толық өтеп, мүлікке тіркелген құқықтарды алып тастады.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды онлайн режимде жою – пилоттық жоба. Әзірге ол несиені мерзімінен бұрын толық өтегендерге ғана қолжетімді. Қызметті дәл сол күні пайдалану керек. Қазіргі уақытта банктің IT мамандары аталмыш қызметті жетілдіріп жатыр. Болашақта оны несие өтелген уақыттан бір ай кешіктіріп те қолдануға мүмкіндік туады. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл қызметті несиесін төлем кестесіне сәйкес өтеген клиенттер де пайдалана алады.
Жаңа қызметті іске қосу Blockchain технологиясының арқасында мүмкін болды. Бүгінде Отбасы Банк оны пайдалану бойынша көшбасшы атанып отыр. Blockchain кепіл шарттарын тіркеу барысында жиі қолданылады. Оның көмегімен қазірдің өзінде 12 мыңнан астам келісімшарт немесе жалпы келісімшарттар көлемінің 38% тіркелді. Жыл соңына дейін Банк бұл көрсеткішті 100% жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұрын кепілді тіркеу рәсіміне 3 жұмыс күні қажет болса, қазір ол 2-5 минут уақытты алады. Несие алуға өтініш білдірген банк клиенттері otbasybank.kz порталында кепіл шартымен/банктің қарыз шартымен танысып, ЭЦҚ арқылы қол қойып, мемлекеттік баж салығын төлеп, бірден тіркеу туралы хабарлама алады.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply