ҚАЛАДА 12 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛУҒА ДАЙЫНДАЛУДА: АТАУЛАР БЕРІЛІП, ДИРЕКТОРЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласында 2023 жылы құрылысы басталған 12 жаңа «Жайлы мектеп» оқу мекемелеріне 2024 жылдың 12 маусымында қала әкімінің №2802 қаулысымен ресми атаулар беріліп, олар әділет органдарында тіркелді. Жаңа мектептердің 9-ына директорлар Оқу-ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадр резервінен тағайындалды. Қалған 2 мектептің басшылығын уақытша жақын маңдағы мектеп директорларының орынбасарлары атқаруда. Ашылуға дайындалған 13 мектепке жалпы саны 7187 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 530 бала бірінші сыныпқа қабылданады. Сондай-ақ, 494 мұғалімді ауысу тәртібімен жаңа мектептерге орналастыру көзделген. Оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа мектептерге басқа мекемелерден 9249 дана оқулық жеткізіледі. Балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін жаңа мектептер қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуда:

  • 1166 бейнебақылау камерасы, • 29 дабыл батырмасы, • 82 турникет, • 1815 компьютер, • 2575 оқу құралдары мен зертханалық жабдықтар, • 26 635 жиһаз элементтері (парталар, орындықтар, шкафтар). 2024 жылғы қыркүйекке қарай бұл жабдықтардың 85%-ы сатып алынып, қоймаларға жеткізілді. Шымкент қаласында білім беру саласына басым бағыт берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков баяндаған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 12 мектептің құрылысы басталды. Білім беру саласы – басым бағыттарымыздың бірі. Соңғы 4 жылда 66 мың орындық 101 мектеп пайдалануға берілді. Оның 80 пайызы жеке инвесторлар есебінен салынды, – деді қала басшысы.  Қала әкімінің айтуынша, қалада үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Үшінші мегаполистегі 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қалада 39 колледж бар. Еңбек нарығына талдау жүргізіліп, қажетті маман дайындау үшін колледждерге жаңа 11 250 грант бөлінген. Айта кетейік, биыл мегаполисте 500 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Тұран шағын ауданында 500 орындық Оқушылар сарайы салынып жатыр. Жаңа буын мектептерінің құрылысы қазіргі заманғы білім беру әдістеріне, технологияларына және оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған білім беру мекемелерін құрудың инновациялық тәсілі болып табылады. Бұл процесс бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды. Ең алдымен, жаңа мектептер озық білім беру технологияларын ескере отырып әзірленеді. Бұған интерактивті тақтасы бар заманауи сынып бөлмелері, жоғары жылдамдықты интернетке қосылу, ынтымақтастық пен шығармашылық үшін кеңістіктер кіреді. Мұндай мектептердің архитектуралық дизайны жайлы, қауіпсіз және шабыттандыратын білім беру ортасын құруға бағытталған. Бұл бірегей дизайн шешімдерін, жасыл кеңістіктерді және физикалық белсенділікке арналған кең аумақтарды қамтуы мүмкін. Жаңа буын мектептері де тұрақтылық пен экологиялық жауапкершілікке баса назар аударады. Бұл энергия тиімді технологияларды, жаңартылатын энергия көздерін және қалдықтарды басқару жүйелерін пайдалануды қамтуы мүмкін. Маңызды элемент сонымен қатар студенттерді оқу кеңістігін құру және жаңарту процесіне тарту болып табылады, бұл олардың шығармашылығы мен жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. Жалпы, жаңа буын мектептерінің құрылысы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін инновациялық, шабыттандыратын және әлеуметтік жауапты білім беру ортасын құруға ұмтылады. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде апатты және үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Шымкент қаласында ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. «Нұршуақ» шағын ауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Бұл мектептер орын тапшылығын азайтумен қоса, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты жетілуіне жағдай жасайды. Қос мектеп те жаңа модификация кабинеттерімен, STEM-зертханалармен, коворкинг, демалыс аймақтарымен, ойын және спорт алаңдарымен, асхана, кітапхана және хореографиялық залмен жабдықталған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктары бар заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қарастырылған, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптарымен жабдықталған. Оған қоса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағына ерекше көңіл бөлінген. Мектеп ғимараттары террористік және басқа да қауіп-қатердің алдын алу үшін бейнебақылау және дыбыстық ескерту жүйелерімен, сондай-ақ есік пен блокты құлыптау функциясымен жабдықталған. Оқушылардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін бастауыш және жоғары сынып оқушыларына спорт залдары мен түрлі ойын алаңдары салынды. Әр мектепте өз кітапханасы, оқу залы, электронды кітапхана және әр қабатта коворкинг алаңдары бар. Оған қоса, хореографиялық және төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг бар. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды. Жайлы мектептердің ашылу салтанатында Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік жобаларға қамқорлықпен қараудың маңызды екенін атап көрсетті. «Бұл мектептер біздің балаларымызға арнап мектеп қаржысына салынды, яғни осы игі іске бәріміздің үлес қостық. Өздерінің жарқын болашағына арналған мұндай жобаларға балалардың құрметпен қарау керектігін түсінгені маңызды», — деді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы бүкіл елді қамтиды. Оқу орындарының құрылысы мен жарақтандыру жағын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жүктелген. Жайлы мектептердің қаншалықты қолайлы екеніне ата-аналар мен оқушылар алдағы уақытта көз жеткізе жатар. Дегенмен заманауи құрал-жабдықтар мен қауіпсіздіктің ең биік стандартына қазірдің өзінде жоғары баға берілгені сөзсіз. Шымкент қаласында жайлы мектептердің ашылуы жарқын болашаққа жетелейтін маңызды оқиғаға айналғаны анық. Әсіресе, Республика күніне орайластырылған бұл қадам өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен олардың жан-жақты дамуына жағдай жсау – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін тағы бір паш еткендей. Тағы да еске сала кетейік, Шымшаһарда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салу жоспарланған. Оның 12-сі биыл, қалған 6 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар қалада 10-11 сыныптарға арналған «125 HIGH SCHOOL» мектебі Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысатын оқушылар үшін ерекшеленіп отыр. Аталған мектеп осы жылдың 1 қыркүйегінен өз жұмысын бастады. Қазір мұнда 254 оқушыға 48 мұғалім ҰБТ сынағының жеті бағыты негізінде білім беруде. Мектеп директоры Оралған Темірханұлының сөзінше, мектепте оқушыларға білім беру ақылы түрде жүргізіледі. Дегенмен, жан басына қаржыландыру бағыты бойынша «Қаржы орталығына» құжат тапсырып, өтінім берілген. «125 HIGH SCHOOL» мектебі еліміздің 7 өңірінде оқу орталығы негізінде жұмысын бастаған. Қазір 27 орталық ішінде жетеуі мемлекеттік лицензиясы бар мектептер желісі болып жұмысын жалғастыруда. Білім мекесінің негізгі миссиясы – бітіруші сыныптарды мектеп пен дайындық курсын екі жақты оқымай, арнайы методика негізінде бір жерден білім беру. Ұстаздардың айтуынша, білім алушылардың 70 пайызы химия-биология мен физика-математиканы таңдаған. Сонымен бірге, география –математика, дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі және адамның қоғамдағы құқығы-тарих бағытында оқиды. Мектеп кәсіби бағдар беру, компьютерлік тестілеу, менторлық жүйе, «Коворкингті» орталық және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мотивациялық іс-шаралар өткізу жүйесін де тиімді жүзеге асыруда. Шымкентте 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізілмек. Аталмыш пилоттық білім нысандары жалпы 37 700 орынға арналмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ұлттық жобаның алғашқы кезеңі биыл жүзеге асырылады. Яғни, Шымкентте биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің, ал осы жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысы басталып, бүгінде тең жартысы пайдалануға берілген. «Жайлы мектеп» аясында бой көтеретін білім нысандарының басты ерекшелігі — оның жабдықталуында. Мамандардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылар, ауыз су бұрқақтары орнатылып, Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады. «Жайлы мектепте» қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттар бейнебақылауға алынып, дыбыстық хабарлау жүйесі орнатылады. Ал, террористік қауіптің алдын алу үшін есіктер мен блоктарды бұғаттау функциясы да ойластырылған. Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін бастауыш сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушыларына арналған спорт залдар, түрлі алаңдар жабдықталмақ,

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика