Шымкентте қай аудандарда мал ұстауға болады?

 

Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау қағидасы бар. Бұл туралы қалалықтардың біреуі білсе, екіншісі білмейді. Жалпы қала аумағы 3 аймаққа (зонаға) бөлінген. Олар:
1-аймақ: Қала аумағында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерде, ит және мысықтан басқа ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға тыйым салынады. (Қала орталығы: солтүстік бөлігі Төлеметов көшесінің Бәйдібек би даңғылынан Тассай ш.а Таукехан және Жібек жолы даңғылына дейін, Оңтүстік бөлігі темір жол вокзалынанбатысқа қарай Бадам өзені жағалауына дейін, батыс бөлігі Бадам өзенінен солтүстікке қарайҚатын көпір шағын ауданының Табынбаевкөшесінен Әл-Фараби, Рысқұлов көшелеріне дейін).
2-аймақ: Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптар және нормативтер сақталғантүрде және қаланың жаңа бас жоспарыныңталабында қала аумағындағы осы аймақта мал жайлымы және мал айдайтын жол қарастырылуғамүмкіндік болмағандықтан, ауыл шаруашылықжануарлары мен құстарды тек қора-жайлардаұстауға рұқсат етіледі. (Самал-3, Қатын көпір, Ақжайық, Достық шағын ауданы, Асар-1,2, Қайтпас-1, Қызылжар, Забадам, Нұртас, Пахтакор, Азат, Қаражол, Қаратөбе, Оңтүстік Сәуле, Жайлау, Тұрлан, Орманшы, Тұран, Тұлпар, Тассай, Қызылсай шағын ауданы).
3-аймақ: Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарды және осы Қағиданыңталаптары сақталған түрде ауыл шаруашылықжануарларын және құстарды қора-жайлардаұстауға және бос жер телімдерінде бағуғамүмкіншілігі болады. (Сайрам, Төле би, Ордабасыаудандарынан енген елді мекендер: Айкөл, Ақтас, Черноводск, Текесу, Тәуелсіздікке-20 жыл, Жаңаталап, Игілік, Қайнарбұлақ, Бадам, Абдуллаабад, Бадам-1,2, Базарқақпа, Жалын, Жұлдыз, Исфиджап (Артель), Қарабастау, Алтынтөбе, Қаратөбе, Қызылсу, Өтеміс, Таскен, Мәртөбе, Сайрам, Тұрдыабад, Шапырашты, Қызылжар-2, Достық т, Бозарық-1,2,3, Ақжар-1,2, Қазығұрт, Көкбұлақ, Айкөл, Ынтымақ-1,2, Жиделі тұрғын алабы). ҚазақстанРеспубликасының Заңнамаларында қала аумағындасонымен қатар қала аумағына кіретін жеке тұрғынүйлер ауласында мал ұстау нормативтерібекітілмеген.
Ал, қала орталығында ауыл шаруашылығыжануарларын жеке үйінде ұстауға мүмкінболмағандығынан, басым бөлігі қала сыртындағыелді мекендерде ұстайды.
Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қаламәртебесін алуына орай, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанжәне Алматы қалаларының жануарларды асырауқағидаларына сәйкестендіріп, Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау Қағидасыәзірленген.

Сондықтан да осы қағиданы әрбір шымкенттіктің біле жүргені артық болмайды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика