«АСАРДАҒЫ» АЙЫРЫҚША МЕКТЕП

БІЛІМ КӨКЖИЕГЕН КЕҢЕЙТКЕН

Шымкент қаласы, «Асар» мөлтек ауданында орналасқан №89 ІТ мектеп-лицей 2011 жыл 9 қыркүйекте ашылғанБілім ұясында алғашқы қоңырау соғылған күннен бастап  бүгінгі таңға дейін  оны педагогика ғылымдарының кандидаты Атабаев Қасымбай Өмірбекұлы басқарып келеді.    2011 жылы мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  Бақытжан Тұрсынұлы Жұмагұлов,  облыс әкімі Асқар Мырзахметов, қала әкімі Арман Жетпісбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы  Айгүл Елшиева  қатысып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын.

2014 жылдың 11 маусымы күні  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының № 490  бұйрығымен  №89 жалпы орта мектебі жаратылыстану бағыты бойынша мектеп-лицей мәртебесіне ие болды.  Соған сәйкес, Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан бақылау департаментің 26.08.2014 ж.

№ 577  бұйрығымен № 001 лицензиясы берілген.

Қазіргі таңда оқу ордасының педагог кадрлардың сапалық құрамы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес келеді, бұл оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүзеге асыруға, педагогикалық шығармашылықты дамытумен, зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Биылғы оқу жылында                                                                                                                                                                                                          мектеп-лицей оқушыларына 225 оқытушы  ұстаздық етіп келеді. Олардың барлығы жоғары білімді мамандар. Мектеп мұғалімдері ұдайы кәсіби шыңдалу, шығармашылық өрлеу ісіне жете көңіл бөледі. Бұл жалпы мекеме жұмысының нәтижелі ісіне оң әсер етуде. Оқытушылардың сапалық құрамы бүгінгі таңда  төмендегіше:

Педагог-шебер-3 мұғалім (1,3%)

Педагог – зерттеуші – 34 мұғалім (15,5%),

Педагог-сарапшы біліктілік санаты 53 мұғалім (23,1%) ,

Педагог – модератор – 81 мұғалім(36%)

Санаты жоқ 54 адам (24%.)

Осы орайда, мектеп-лицейдің мұғалімдері мен оқушылары  өткен 2023-2024 оқу жылында республикалық, халықаралық деңгейіндегі сайыстарда орасаң жетістіктерге жетті.  Атап айтар болсақ республикалық деңгейде:

  1. Ерубаева Жансулу Нурмахановна биология пәні мұғалімі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында ІІ орынға ие болды.
  2. Сағиталы Саңғар Сапарханұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұғалімдер арасындағы ІІІ Республикалық спартакиадада волейбол спорт түрінде ІІ орынға ие болды.
  3. Айдарбеков Арсланбек Сұлтанбекұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі мұғалімдер арасындағы ІІІ республикалық спартакиадада волейбол спорт түрінде ІІ орынға ие болды.
  4. Пернебаев Даулет Айтбайұлы Сұлтанбекұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі мұғалімдер арасындағы ІІІ республикалық спартакиадада волейбол спорт түрінде ІІ орынға ие болды.

 

2023-2024 оқу жылындағы мұғалімдердің қалалық деңгейіндегі жетістіктері:

 

  1. Калекеева Ақмарал Тойбековна – география пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында І орынды иеленді.
  2. Барболова Калбике Калмырзаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында І орынды иеленді.
  3. Байдуллаев Сакен Рахимбекович – дене шынықтыру пәні мұғалімі «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факултеті ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы орта мектептерінің Дене шынықтыру мұғалімдері арасында волейбол түрінен жарысында» І орынды иеленді.
  4. Абдугаппарова Шолпан Курбановна — дене шынықтыру пәні мұғалімі «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факултеті ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы орта мектептерінің Дене шынықтыру мұғалімдері арасында волейбол түрінен жарысында» І орынды иеленді.
  5. Асанов Баглан Гаппарович — дене шынықтыру пәні мұғалімі «Жалпы орта мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында баскетболдан өткен жарысында» І орынды иеленді.
  6. Асанов Баглан Гаппарович — дене шынықтыру пәні мұғалімі «Жалпы орта мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында тоғызқұмалақтан өткен жарысында» І орынды иеленді.
  7. Ешанкулова Гулбаршын Еркинбековна – биология пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІ орынды иеленді.
  8. Шинибекова Перизат Мухамедовна – физика пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы»   байқауында ІІ орынды иеленді.
  9. Дүйсебай Аяулым Қалдыбайқызы – физика пәні мұғалімі «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» байқауында ІІ орынды иеленді.
  10. Сарибасова Сапаргул Ахматкуловна – бсатауыш сынып мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  11. Маденова Гульназ Торебаевна – бсатауыш сынып мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  12. Жумабаев Ержігіт Бахтиярович – математика пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  13. Аноркулова Севара Сатыбалдиевна – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  14. Мусаева Сауле Касымовна – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  15. Турарбекова Айнур Аширхановна – физика пәні мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орынды иеленді.
  16. Оңалбай Балғынбай Амангелдіұлы – математика пәні мұғалімі «Шымкент қаласы математика және физика мұғалімдерінің IV шығармашылық» байқауында ІІІ орынды иеленді.

2023-2024 оқу жылында оқушыларымыз халықаралық ғылыми жоба байқаулары бойынша:

  1. Наркулов Ернар 10 сынып оқушысы «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жарысында ІІ орынды иеленді.
  2. Абдусалиев Бекзат 10 сынып оқушысы «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жарысында мадақтама қағазымен марапатталды.

 

2023-2024 оқу жылында оқушыларымыз республикалық ғылыми жоба байқаулары бойынша:

  1. Асқаров Бекзат 5 сынып оқушысы ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсында І орынды иеленді.
  2. Ахинов Еркебұлан 7 сынып оқушысы ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсында І орынды иеленді.
  3. Абдусалиев Бекзат 10 сынып оқушысы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсында І орынды иеленді.
  4. Бораш Заңғар 5 сынып оқушысы «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінда І орынды иеленді.
  5. Нарқұл Диас 5 сынып оқушысы «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінда І орынды иеленді.
  6. Рустамова Қазына 7 сынып оқушысы «KazRoboProject-2023» конкурсында ІІ орынды иеленді.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 2-7 сынып оқушылар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының нәтижесінде №89 ІТ мектеп-лицейіне «Ең үздік командалық жоба» атағы және І дәрежелі дипломмен  марапатталды

 

№89 ІТ мектеп-лицейі оқушылары 2013 жылы халықаралық PISA сараптамасына қатысты.   6-сынып оқушыларының оқу жетістігінің тәуелсіз мониторингінің саластырмалы анализі бойынша   «математика» пәні 13%-ға, жаратылыстану пәндері бойынша 7%-ға жоғары нәтиже көрсетті. Тестілеуге қатысқан 6-сынып оқушыларының тест нәтижелерінің индивидуал анализі жалпы оқушылардың оқу жетістігінің оң динамикасын (2% — 25%-ға дейін өсімін) көрсетті. Оқушылардың оқу жетістігі бойынша оң динамикасы оқушылардың ойлау және түсіну қабілеттері жоғары екендігінің білдіреді. Тестілеу нәтижесі бойынша 96%  тестке қатысушылар «жақсы» деген баға алды,  үлгерімі 100% -ды құрады. Ең жоғары нәтижеге 30 тапсырмадан 26-27 тапсырманы орындап Тұрдыбаева Гулназ, Турсункулов Досымжан, Рахымбеков Нұрсұлтан, Амангелді Мадина қол жеткізді. Бұл оқушылар жаратылыстану – математикалық дайындықтарының жоғарғы деңгейде екенің дәлелдеді. Жоғарыда көрсетілген оқу

жетістігінің тәуелсіз мониторингінің саластырмалы анализі нәтижесі Астана қаласы, 2013 жылы жарық көрген Қазақстан  Республикасының ұлттық білім беру статистикасы және бағалау ортылығының «Оңтүстік Қазақстан облысы жалпы орта білім беретін мектептерінің 6,10-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» мониторинг зерттеу нәтижелері кітабында жарияланған.

 

ӘЛЕМНІҢ ТҮРЛІ ЖЕМІСІН ЖЕРСІНДІРГЕН ЖЫЛЫЖАЙ

 

Қазақстан Республикасының арнаулы орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес, әрбір білім мекемесінің жанында (ауласында) оқу-тәжірибе учаскесі болуы қажет. Шымкент қаласы, «Асар» мөлтек ауданында орналасқан №89 ІТ мектеп-лицей осы істі сәтті жүзеге асырған санаулы білім ұяларының бірі.

Білім ұясының ауласынан 2011 жыл қазан айының 2 жұлдызында демеушілердің көмегімен жылыжай салынды.  Оның жалпы ауданы  300 шаршы метр.   Жылыжай мен  оқу- тәжірибелік учаскелерін құрудағы негізгі мақсат — экологиялық ой-санасы қалыптасқан жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту, қоршаған орта проблемасына деген өз көзқарасы бар белсенді және талантты балаларды тарту, теория мен практиканы ұштастыра отырып, баланы еңбекке баулу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жер көлемі жағынан тоғызыншы орында, елімізде ауыл-шаруашылық технологиясы мен биотехнологияның замануи әдістерін дамыта отырып, елімізде халқымызды экологиялық таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп, экспортқа шығаруымыз керек. Бұл үшін ауыл-шаруашылық дақылдардың сапасын арттырып дамыту қажет, сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды және биотехнологияны ауқымды түрде таратуға бағыттау қажет»деп атап көрсетті.Осыған орай, мектеп оқушыларының теориялық білімдерін практикалық бағытта жетілдіру үшін, ауыл-шаруашылық дақылдарды экологиялық жағынан таза өнім алу бойынша және оқушылардың жаратылыстыну пәндерінен ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында демеушілер көмегімен аталған мектеп-лицейде үш секторлы пирамидадан тұратын аумағы 154 шаршы метрді құрайтын, темір конструкциялы, шатыры поликарбонаттан жасалған «FLORA & FAUNA» жаратылыстану пәндерінің лабораториясы құрылды.

Жаратылыстану пәндерінің лабораториясында-Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасында, агроөнеркәсіптік кешенің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын тұлғаларды тәрбиелеу жүзеге асырылады. Біз бұл мақсатқа жету үшін: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру жолдарын аңықтау, ауыл-шаруашылығы өнімін және оны қайта өндеу өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту жолдарын қарастыру, ауыл-шаруашылығы өндірісінің ұтымды әдістерін зерделеу, Қазақстандағы «Жасыл экономиканы» дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру міндеттері орындалады.

Мектеп лабораториясында «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл экономика» принциптерін ұстана отырып өсімдіктерді өсіру мен күтіп баптау үшін арнайы жасалған әйнектелген ғимарат салынды. Лабораторияда ылғалдың, температура мен жарықтың белгілі бір жағдайлары қамтамасыз етіліп, ағаштар, бұталар, цитрусты өсімдіктер, жеміс- жидектер мен гүлдер өсіріледі. Құстар мен балықтардың ерекше түрлерін өсіріп баптау, олардың тұмдарын шығару, сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы бағыттағы қызмет — елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілетті тұлғасы қалыптасады.

Лаборатория ішінде температураны белгілі бір деңгейде  ұстау үшін күн сәулесі мен техникалық жылыту құрылғылары арқылы жүзеге асырылады.

БІРІНШІ ПИРАМИДА: Қоныржай белдеу (зона)   

Мұнда қазір драцена, фикус Бенжамена, фация, шефлера, юкка, монстера, аглонема, кодиум, маранта, дивенбахия, хризантема т.б.  өсімдіктер жайқалып өсіп тұр.

ЕКІНШІ ПИРАМИДАДА: Субтропикалық  белдеу (зона) қызғалтақ, анар, құрма, інжір, бадам түрлері өсіріледі.

ҮШІНШІ ПИРАМИДА: Тропикалық белдеу  (зона) деп аталады.

Өсімдіктері: пальма, Вашингтон пальмасы, лимон, апельсин,  мандарин, киви, банан, ананас, лавр ағашы, ангели, аденум, алакадия, малочай, бамбук т.б.

2019 жылы Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Құанышұлы, ҚР вице-премьер — министрі Сапарбаев  Бердібек Машбекұлы, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлының мектеп-лицейіне келуі  оқушылар мен мектеп ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға болды. Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы премьер — министрі Сапарбаев  Бердібек Машбекұлының Шымкент қаласындағы жұмыс сапарының хаттамасына сәйкес, білім және ғылым министірлігінің 03.12.2019 жылғы №01-13-2-7/4603-И бұйрығы негізінде және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2019 жылғы 29 қарашадағы №01-1/726 хаты негізінде Шымкент қаласы №89 мектеп-лицейінің экологиялық бағытындағы тәжірибелік жұмыстарын өңірлерде енгізу мәселесін қарастыру ұсынылған.

Мектептің биологиялық зертханасында қазір 800 түрлі өсімдік жайқалып тұр. Шәкірттер мен ұстаздар бірлесіп  100-ге жуық ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген. Олар өскіндерді тек күтіп-баптап қана қоймай  генетика мен биотехнология  саласының жетістіктерін пайдалануда. ІТ саласын жетік меңгерген шәкірт ылғалдандыру, жарықтандыру, жасанды тұман түзу сияқты күтіп баптау жұмыстарын автоматты жүйемен басқаратын етіп алған.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 2-7 сынып оқушылар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының нәтижесінде №89 ІТ мектеп-лицейіне «Ең үздік командалық жоба» атағы және І дәрежелі дипломмен  марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика