АТА-АНАҒА КЕҢЕС Ұсақ қол моторикасын ойын арқылы қалай дамытуға болады?

Баланы мәжбүрлеуге болмайды
Бес-алты жасар балаға тақпақ жаттатқызу, қасық пен қарындаш ұстауды үйрету, түйме тиегін өзі салып, өзі ағытуын, бәтеңкесінің бауын байлау секілді өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру оның үлкен өмірге дайындығының алғашқы кезеңі. Баланы қимылдауына қарап отырып, оның ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған деп есептеледі. Сондықтан оларға шашылған конструкторларды жинау, пазлмен жұмыс істеу, есептегіш таяқшамен және мозаикамен ойнау өте қиын. Мұны баланың өзі де сезеді, сол себепті басқа балалармен ойнаудан бас тартады. «Ұсақ қол моторикасы» термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара алатын болады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде?
Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Осыны есепке алып, ұсақ моторикаға әсер ету және оның белсенділігін арттыру арқылы көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамытуға болады.
Баланы қызықтыру және жаңа ақпараттарды игеруіне көмектесу үшін тапсырмаларды ойынмен алмастырып, тапсырманы орындауда қиындыққа мойымауына, алға қойған мақсатына жетуіне көмектесу керек. Кез келген азды-көпті жетістіктерін бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпаған жөн.
Орынбекова Бибинур Абдукадыровна
Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ дефектолог маманы
Сынып: 4 а
Оқушы: Анартаев Жанғали

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика