ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС АЛҚАБЫ КЕҢЕЙДІ

Шымкент қаласында дала жұмыстарына арналған техникалар толығымен дайын. Өткен жылы ауылшаруашылығы техникасының паркі 10 жаңа трактормен толықтырылған болатын. Оның 7-і отандық техника.

Қала аумағындағы егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылдан 0,5 мың гектарға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артық. Осы егіс алқабынан 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Биыл мал азықтық өнімдерін өндіруге басымдық беріледі. 2021 жылы 8,9 мың га жерден мал азығы жиналса, осы жыл 9,5 мың гектардан өнім жинау көзделген.

Осы жылғы егістіктің 43,6 пайызын дәнді дақылдар құрап отыр. Қала төңірегіндегі 13 мың га дәнді дақыл өсірілетін алқап болса, оның 2,5 гектарына жаздық, 10,4 мың гектарына күздік тұқым егіледі. Ол үшін шаруалар қажетті астық тұқымдарымен толық қамтылды. Сонымен қатар, «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де 107,7 тонна тұқым қоры әзірленген.

Биыл егін өнімділігін арттыру мақстында минералды тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығына және пестицидтердің, биоагенттердi (энтомофагтардың) субсидиялауға қаржы қаралдып отыр.

Дала жұмыстарына жүргізуге арналған жанармайды тарататын операторлар да анықталды. Қазір шаруалардың өтініміне сәйкес жанармайдың 1 литрі 189 теңге жеңілдетілген бағада ұсынылуда.

Қызмет газеті

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика