ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫНҒА ИЕЛЕНДІ!

Елімізде жастар үшін атқарылып жатқан ірі жобалар мен бағдарламалар – жарқын болашағымыз үшін жасалып жатқан игілік. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім мәселесі жыл сайын мемлекет назарынан тыс қалған емес. Былтыр «Жастар жылы», биыл «Еріктілер жылы» деп аталуы осыны айғақтайды. Жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бесжылдық «Жастар – Отанға!» бағдарламасының қабылдануы жастарды ортақ мақсат төңірегінде топтастырады. Жастардың игілігіне жасалып жатқан істер аз емес, әлі де жалғасатыны анық. Жастарды қолдау – мемлекеттік сая­сат­тың маңызды бір тармағы. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғыл­данып, кәсіби маман атанып, мүм­кіндіктерді мүлт жібермеуге дағдылануы жоспарлы жұ­мыстардың сапалы жүзеге асуы­на тікелей әсер етеді. Себебі елдің ертеңгі тіз­гінін ұстай­тын жастарға артылар міндет ау­қымды, жүк­телетін жұмыс жеткілікті. Осы орайда  Мағжан Жұмабаев  шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы 2023 жылғы 23-25 маусым аралығында Петропавл қаласында өтті.  Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық байқауға Шымкент қаласынан 3 оқушы қатысты. Олар № 83 ЖОББМ 10-сынып оқушысы – Ұзақберген Ақберен «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы  бойынша, екіншісі Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияның 10- сынып оқушысы –  Сансызбай Еркежан  «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы  бойынша,  Дарынды балаларға арналған № 1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қанат Ұлдана “Жасынан оқу оқып, өнер қуған” номинациясы бойынша өнер көрсететті.  Нәтижесінде Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияның 10- сынып оқушысы –  Сансызбай Еркежан  «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы  бойынша I орынды иеленді.  Шымкенттік дарынды зияткерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Қызмет ақпарат

1707 символ

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика