ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 848,4 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ КӨКӨНІС ПЕН ДАҚЫЛДАР ЕГІЛЕДІ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те баяндама жасады. Өңір басшысының айтуынша, биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын 848,4 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Бүгінде жоспарланған жаздық егістіктің (495 мың га.) 35 мың гектары егілген.
– Өткен жылы бюджетті қалыптастыру барысында биылға 112 500 тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Алайда жыл басынан тыңайтқыш өндірушілер мен сатушылар тарапынан минералды тыңайтқыштар бағасы 2,4 есеге дейін өсті, – деген Өмірзақ Шөкеев тыңайтқыштар мәселесін шешуге қосымша қаржы қажет екенін жеткізді.
Қазіргі таңда облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығын тудырмау мақсатында ерте пісетін өнімдер, атап айтсақ, картоп – 8,5 мың, пияз – 2,1 мың, сәбіз – 1,9 мың, қырыққабат 7,8 мың гектарға егілуде. Аталған өнімдерді еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу жөнінде бірнеше облыс әкімдігімен меморандумдар түзілген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар техникалардың 92%-ы дайын. Жер айдау жұмыстары 88%-ға, сор шаю жұмыстары 75%-ға орындалды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 50 мың тоннаға жуық жанармай бөлінген.
Үкімет басшысы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді тапсырып, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу құнының 50%-ын субсидиялау әрі қарай жалғасатынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар дақылдар мен жем-шөптің қажетті көлемін себе отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыруды тапсырды.
Қызмет газеті
  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика