Оқушылар үздік нәтиже көрсетуде

2024 жылдың желтоқсан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты мектептер арасында өтті. Олимпиаданың екі күні де «№2 TALANT» жалпы білім беру мектебінде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының Дарын орталығы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл білім додасы аудан оқушыларының зияткерлік қабілеттерін сынауға үлкен мүмкіндік берді. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, пәндер бойынша үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Сонымен қатар, «№2 TALANT» жалпы білім беру мектебі мен «Жас Дарын 4» бастауыш мектебінің ұйымдастыруымен менталды арифметикадан қалалық олимпиада өткен болатын. Бұл жарысқа 82 үміткер қатысып, өзара мықтыны анықтауға тырысты. Оқушылардың зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлау дағдылары сыналған сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы сыйлықтар, ақшалай жүлделер және білім гранттарымен марапатталды. Жеңімпаздарға тапсырылаған жүлделер оқушылардың әрі қарайғы білім жетістіктеріне қосымша ынта мен мотивация берді. Бұл олимпиада білім беру саласындағы жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол ашып, оқушылардың дарындарын шыңдауға үлкен септігін тигізді.

«№2 TALANT» жалпы білім беру мектебінің оқушылары да республикалық және қалалық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындар алып, өздерінің зияткерлік деңгейін жоғары бағалатуда. Мектептің дарынды оқушылары түрлі пәндер бойынша олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсетіп, білім жолындағы табандылықтары мен талпыныстарын дәлелдеп келе жатыр. Шымкент қаласы Дарын орталығы ұйымдастырған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық конкурсының қалалық кезеңінде «№2 TALANT» мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап атар болсақ, Егамбердиева Райхан, 10 «Ә» сынып оқушысы, «Менің шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша ІІ орын алды. Атымтай Ақерке, 10 «А» сынып оқушысы, «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың жетістіктеріне жетекші Балтабай Индира Мухамедқалиқызының қосқан үлесі зор. Бұл жеңістер аталған мектептің бәсекеге қабілеттілігін және оқушылардың жоғары әлеуетін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Әрбір жетістік мектептің білім беру сапасын арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған еңбек пен ынта-жігердің жемісі болып табылады. Жүлделі орындар алған оқушылар мектеп абыройын асырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге ынталануда. «№2 TALANT» мектебі оқушыларын үздік нәтижелерге жету үшін әрдайым қолдап, оларға жоғары деңгейдегі білім беру жолында барлық мүмкіндіктерді ұсынуға тырысады. Мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі оқушылардың жеке қабілеттері мен дарындарын ескере отырып, әрқайсысына жеке көзқараспен қарап, оқу процесін қызықты әрі тиімді етіп ұйымдастыруға тырысады. Сонымен қатар, «№2 TALANT» мектебі үнемі оқу бағдарламаларын жаңартып, заманауи әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударады.

Мектеп оқушыларына арналған түрлі олимпиадалар мен байқаулар, ғылыми жобалар конкурстары және спорттық жарыстар мектептің білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылар осы мүмкіндіктер арқылы өздерінің қабілеттерін шыңдап, жаңа биіктерге қол жеткізеді. Әрбір жеңіс оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, болашаққа деген үмітін күшейтеді.

Мектепте ұйымдастырылатын шығармашылық бағыттағы үйірмелер мен зертханалар да оқушылардың ғылым мен өнер саласындағы қызығушылықтарын оятып, оларды жаңа біліммен қаруландырады. Мектептің ұстаздары мен тәлімгерлері үнемі шығармашылық ізденістер жүргізіп, оқушылардың әрбір жетістігін атап өтіп, оларды жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады. «№2 TALANT» мектебі оқу процесін әрі қызықты, әрі тиімді етіп ұйымдастырып, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына барлық жағдайды жасауды басты мақсат еткен.

Мектептің ұжымы мен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс та оқушылардың білім алу сапасына әсер етіп, оларға қосымша қолдау көрсетеді. Осылайша, «№2 TALANT» мектебі өзінің үздік оқушыларының жетістіктері арқылы мектептің даңқын арттырып, қоғамдағы білім сапасының жақсаруына үлкен үлес қосуда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика