Болашаққа жол сілтер білікті ұстаздар

Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты – ерекше дарынды және қабілетті балаларға арналған оқу орны. Мұнда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тереңдетілген білім алады. Мектептің негізгі мақсаты – сапалы білім беріп, үш тілде еркін сөйлейтін, шығармашылық тұрғыда ойлайтын және заманауи талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Мектептің негізі бағыты – математика-жаратылыстану. Мектеп оқушыларының бейініне  қарай  8 сыныптан бастап жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Бүгінде №2 мамандандарылған мектеп-интернатқа Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы басшылық етеді. 2020 жылдан бері қарай аталған оқу ордасының тізгін өз қолына алған ол  білім саласындағы қаншама жұмыстарды тындырымды атқарып келе жатыр.

Мектепте барлығы 83 педагог жұмыс жасайды. Мұғалімдердің сапалық құрамы 6 педагог-шеберден, 32 педагог-зерттеушіден, 9 педагог-сарапшыдан, 24 педагог-модератордан, 2 жоғары санатты, 1 бірінші санат, 2 екінші санатты педагогтан, 30 магистер мұғалімдерден, 1 докторант мұғалімнен тұрады.

Осындай білікті педагогтардан құралған ұжымның орасан зор еңбегінің арқасында білім сапасының нәтижесі де жаман емес. Мысалы, 2023-2024 оқу жылында 93 бала мектеп бітірсе, оның ішінде мемлекеттік оқу грантына түскендер саны 73-ке жеткен. 12 бала «Алтын белгі» иегері, 19 оқушы үздік  аттестатқа үміткер атанды. Оқушылардың ғылыми жоба жарысындағы жетістіктері де  біршама. Қала көлемінде 2020-2021 оқу жылында оқушылар 12 жүлделі орын, 2021-2022 оқу жылында 15 жүлделі орын, 2022-2023 оқу жылында 22 жүлделі орын, 2023-2024 оқу жылында 21 жүлделі орын мен 7 грамота иеленсе, республикалық деңгейде 2020-2021 оқу жылының жетістіктері бойыншы 4 жүлделі орын, 2021-2022 оқу жылының жетістіктері бойынша 1 жүлделі орын, 2022-2023 оқу жылының жетістіктері бойынша 2 жүлделі орын, 2023-2024 оқу жылының жетістіктері бойынша 2 номинация, 1 грамотаны қанжығаға байлады.

Оқушылардың пән олимпиадасы мен конкурстағы жетістіктері де ойдағыдай. Қала көлемінде мектеп шәкірттері 2020-2021 оқу жылында 58 жүлделі  орын, 2020-2021 оқу жылында 53 жүлделі орын, 2022-2023 оқу жылында 24 жүлделі орын, 2023-2024 оқу  жылында 21 орын, 7 грамота, республикалық деңгейде 2020-2021 оқу жылында офлайн бойынша 10, онлайн бойынша 112, 2021-2022 оқу  жылында 7 жүлделі орын, 2022-2023 оқу жылында 9 жүлделі, 1 халықаралық орын, 2023-2024 оқу жылында 1 орын, 2 грамота иеленді. Сондай-ақ, 2023-2024 оқу  жылының  жетістіктері  бойынша:

Республикалық «Елбасы  медалі» – 4 жүлделі орын;

Республикалық роботтар фестивалі – 2 жүлделі орын;

Республикалық Қазақстан  білім олимпиадасы – 1 орын;

Республикалық «Махамбет  оқулары» конкурсы – 1 грамота;

IV Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының «Зейінді зерттеуші»  номинация иегері – 1 орын;

Республикалық «Бітібаева  оқулары» конкурсы – 2 орын;

Қалалық ғылыми жоба жарысы – 11 жүлделі орын, 4 грамота;

Қалалық «Зерде» зерттеу жобасы – 10 жүлделі орын мектеп қоржынында жинаулы.

Педагогогикалық шеберлік – білім мен тәрбиенің діңгегі

Қоғамның дамуында ұстаздың рөлі ерекше. Білім беру жүйесінің сапасы мен ұрпақтың табысты болуы ең алдымен ұстаздың біліктілігіне байланысты. Білікті ұстаз тек пәнді ғана оқытып қоймай, шәкірттің жеке қабілеттерін ашып, болашаққа деген сенімін қалыптастырады. Осындай мамандардың еңбегі арқылы еліміздің жас ұрпағы өмірлік дағдыларды меңгеріп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылады. Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында да жас ұрпаққа өмірлік құндылықтарды үйретіп, жарқын болашаққа жол көрсетіп жүрген білікті ұстаздар жетерлік. Соның бірі – музыка пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Абдраманова Гүлнар Мансұрқызы. Ол  республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының 2022 оқу жылында ІІ жүлделі орын иегері атанса, шебер-педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалиева Майра Өсенқызы 2020-2021, 2021-2022 оқу жылы республикалық конкурсқа жеңімпаздар дайындап, 2021-2022, 2023-2024 оқу жылында республикалық «Авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпазы, «Дарын» орденінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің және республикалық «Үздік педагог-2024 » атағының иегері атанды.

Мектепте ұрпақ тәрбиесінде белсенділік танытып жүрген тағы бір ұстаз –педагог-зерттеуші, информатика пәнінің мұғалімі Тастанбек Беклан Момынбайұлы. Ол – 2021-2022, 2022-2023 оқу жылының республикалық және халықаралық  робототехника  конкурстар жеңімпазын дайындаған және «Халық алғысы» медалінің және «Дарын» орденінің иегері атанып, КазРобоСпорт федерациясының облыстағы өкілі және республикалық робоспорт сайыстарының төрешісі болып жүрген ұстаз. №2 мамандандырылған мектеп-интернатындағы еңбек жолын 2014 жылы бастаған ол 2016 жылы Қостанай қаласында өткен республикалық «Талантты балаға – жаңашыл ұстаз» жас мамандар сайысында жеңімпаз атанды. 2017 жылдан бастап спорттық робототехника сайыстарына белсенді қатысып келеді. Оқушылары қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанған. Атап айтар болсақ, 2019 жылы Петропавл қаласында «Казроботикс» федерациясы ұйымдастырған халықаралық деңгейдегі сайыста «Лабиринт» санаты бойынша оқушысы Жамбыл Диас І орын иеленді. Жыл сайын Қарағанды қаласында ұйымдастырылатын «Roboland» халықаралық сайысында 2021 жылы «Теңге алу» санаты бойынша Тойлыбаев Олжас пен Утеев Марат ІІІ орын иеленсе, 2023 жылы «Робогеометрия» санаты бойынша Қаныбек Әмина мен Икраш Нұрасыл ІІ орынға табан тіреді. Мамандандырылған «Дарын» мектерінің арасында ұйымдастырылған «Daryn First» роботтар сайысында «Шығармашылық» санатта Гранпри жеңіп алған болатын. Ең үздік нәтижелерінің бірі – Германияның Дортмунд қаласында өткен «WRO 2022» халықаралық робототехка олимпиадасында әлемнің 73 мемлекетінен келген оқушылар арасынан шәкірттері Тойлыбаев Олжас пен Қаныбек Әмина «Робопорт» санатында үздік сегіздік құрамына еніп, 6 орын иеленген болатын. 2020 жылы коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, Қазақстандағы оқу жүйесі қашықтан оқыту жүйесіне ауысқан сәтте барлық пәндер «Балапан» мен «Еларна» телеарналары арқылы телесабақ түрінде көрсетілді. Сол тұста информатика пәні бойынша 8 сыныптарға арналған тақырыптарды Тастанбек Беклан түсірген болатын. Еңбегі еленіп Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен наградталды. №2024-1/0000345 нөмірлі куәлік ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталғаны үшін берілді.

Ұлт болашағын қалыптастыруда өз міндетін тыңғылықты атқарып жүрген кезекті пегагог химия пәнінің мұғалімі Құрманбекова Камшат Алтайқызы. Ол «Дарын» РҒПО орталығының ұйымдастыруымен өткен білім беру ұйымдарының  жас педагогтері арасында республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының грамотасымен марапатталған. Оқушыларының шығармашылыққа баулуда жеткен жетістіктері:

2020 жылы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасынан 8 сынып оқушылары Іңкәрбек Айназым І дәрежелі дипломмен, Жадигер Айлы ІІ дәрежелі дипломмен, Нуртазаева Арайлым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;

2022 жылы «Балдәурен» РОСО РМҚК «Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны» Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауынан 9 сынып оқушысы Серік Жанерке І орын иеленді;

2023 жылы жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасынан 10 сынып оқушысы Серік Жанерке ІІІ орын иеленді;

2023 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасынан 10 сынып оқушысы Серік Жанерке грамотамен марапатталды;

2024 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасынан 11 сынып оқушысы Серік Жанерке грамотамен марапатталды;

2024 жылы «Свое дело 2024» VII Халықаралық стартап жобалар байқауында Серік Жанерке бас жүлде иеленіп, 200 000 теңге ақшалай сыйлық жеңімпазы атанған;

2024 жылы республикалық «Қазақстан білім олимпиадасы» мамандандырылған білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, халықаралық мектептердің 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиададан Серік Жанерке күміс жүлде иегері атанды.

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интенатының  шығармашылық ұстаздарының бірі – биология пәнінің мұғалімі Таукебаева Ұлбосын Мұханқызы. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші, еңбек өтілі – 30 жыл. Педагог 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «2020 жылдың үздік педагогі» атағының, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасының», 2018 жылы «Дарын» РҒПО «Үздік авторлық бағдарлама» конференциясында «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломның, 2019 жылы «Дарын» РҒПО «Үздік авторлық бағдарлама»  конференциясында тағы да ІІІ дәрежелі дипломның, 2023 жылы «Дарын» РҒПО «Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІ дәрежелі дипломның, 2021 жылы «Өрлеу» БАҰО «Педагогикалық идеялар панорамасы» конференциясының «Алғыс хатының», 2020 жылы облыс әкімінің Алғыс хатының, 2020 жылы Қазақстан Педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздарының республикалық байқауының Алғыс хатының иегері атанды. 2023 жылы қалалық сараптамалық кеңесінде мұғалімнің «Grade&Biology жұмыс дәптері» атты тақырыбында әдістемелік құралы мақұлданса, 2021-2023 жылы республикалық ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрді. Оқушыларының шығармашылыққа баулуда жеткен жетістіктері:

2020 жылы – жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиададан Төлтебаева Асылай  III дәрежелі диплом;

2020 жылы – Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Төлтебаева Асылай I дәрежелі диплом;

2021 жылы – 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық конкурсында 7 сынып оқушысы  Жанзақ Зере III дәрежелі диплом;

2021 жылы – 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық конкурсында 7 сынып оқушысы  Бегалы Әлібек  III дәрежелі диплом;

2020 жылы – Республикалық Жасөспірімдер олимпиадасынан Бөгенбаева А II дәрежелі диплом, Төлепберген Бағдат I дәрежелі диплом;

2022 жылы – 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» қалалық конкурсында жетістігі үшін 7 сынып оқушысы  Тұрлыбек Аян 3-дәрежелі диплом;

2022 жылы – 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» қалалық конкурсында жетістігі үшін 7-сынып оқушысы Рысбек Даниял ІІІ дәрежелі диплом;

2021 жылы – жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар конкурсынан 8 сынып оқушысы Болатов Дәулет ІІІ дәрежелі диплом;

2022 жылы – жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық Дарын ғылыми жоба конкурсының Республикалық кезеңінде 8 сынып оқушысы Болатов Дәулет  III дәрежелі диплом;

2023 жылы – жалпы білім беретін пәндер бойынша «Республикалық Дарын ғылыми жоба конкурсының Республикалық кезеңінде 11 сынып оқушысы Нұртаза Гаухар II дәрежелі диплом, 2024 жылы – қалалық пәндік олимпиададан  III дәрежелі диплом.

Қаймақбаева Қалида Негизбайқызы – №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интенатының физика  және астрономия  пәні мұғалімі, физика магистрі, педагог-шебер. Мұғалімнің жетістіктеріне келер болсақ, ол 2020 жылы ҚР БМ  «Құрмет грамотасының», 2020 жылы Алғыс хатының, 2021 жылы ҚР БМ «2021 жылдың үздік педагогі» атағының, 2022 жылы ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсан «Халық алғысы» медалінің, 2023 жылғы 5 қазан ҚРОАМ «Дарын» РҒПО «Алғыс хатының иегері. Қалида Негизбайқызының да көптеген шәкірттері білім саласында биіктерден көрініп, түрлі сайыстарда жүлделі орындарды иеленуде.

Министрлік тарапынан марапатталған ұстаздар

Ұстаздар күніне орай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен көптеген педагогтар марапатталған болатын. Төсбелгі иегерлерінің бірі – №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының директоры, педагог-шебер, информатика пәнінің мұғалімі  Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы. Педагог-шебердің көмекші құралы республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген, тарқатылуға ұсынылған, оқушысы республикалық білім олимпиадасында жүлделі орын алған. 2020-2024 оқу жылдары аралығында мамандандырылған мектептер арасында өтетін тамыз конференциясының белсенді мүшесі. Педагогика ғылымдарының магистрі, мақалалары республикалық, халықаралық басылымдарда жарық көрген. Өзінің іс-тәжірбиесімен бөлісуге республикалық конференцияға қатысып жүрген маман.

Кезекті төсбелгі иелерінің бірі – педагог-шебер, педагог-психолог Сапарқұл Бағила. Ұстаз республикалық сараптау комиссиясының мүшесі. Республикалық «Жыл психологы» байқауына қатысып, грамота иеленген, психологтар арасында өтетін республикалық конференцияға үздіксіз қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан маман. Өзі де, оқушысы да республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орын иеленген.

Сонымен қатар, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үш бірдей педагог-шебері де арнайы төсбелгімен марапатталды:

– Гүлнар Даулетбахова, авторлық бағдарламасы республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде 2023 жылы бекітілген. Оқушысы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы.

– Ғалиева Майра, қалалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы, республикалық кезеңге жолдама алған ізденімпаз мұғалім. Екі дүркін республикалық «Авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпазы. Оқушылары республикалық «Ақберен», «Махамбет оқулары», «М.Жүсіп оқулары» мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары. Үздіксіз еңбегінің арқасында әзірлемесі республикалық оқу-әдістемелік орталығында бекітіліп, тарқатылуға ұсынылды.

– Кемерова Фейрузат Касымбекқызы, педагог-шебер әрі директордың ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестиваліне» қатысып, грамота иеленген. Республикалық «Үздік директор орынбасары» конкурсының жеңімпазы, «Директордың бірінші біліктілікті орынбасары» санатының иегері. Іс-тәжірибесімен республикалық, халықаралық конференцияларда бөлісіп, баяндама жасаған. Көмекші құралы республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.

Республика көлемінде таратылуға ұсынылды

Мектептің алтын қоржыны республикалық Орта білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық сараптамалық кеңестің хаттамасымен толықтырылды. Мектептің ізденімпаз әрі шығармашыл педагог-шеберлерінің көмекші құралдары, әдістемелік құралдары, жұмыс дәптері мен авторлық бағдарламалары алдымен мектепішілік ғылыми кеңесте бекітіліп, одан кейін ҚББ-ның Әдістемелік Орталығының сараптау комиссиясына ұсынылған болатын. Мектепте оқу, ғылым саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар үздіксіз талқыланып, талдаудан кейін нақты SMART жоспар жасалынады. Сондай бір маңызды жұмыстың жұмыстың бірі – авторлық бағдарлама. Мұны директордың ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ф.Кемерованың түсіндіру жұмыстарының және әдістемелік орталықтың бас маманы Арысбаева Жарқынайдың жоғары деңгейде үйлестірген еңбегінің жемісі деуге болады. №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының болашақ ұрпаққа терең білім мен салиқалы тәрбие беріп қана қоймай, тынбай еңбек ететін, шығармашылықпен айналысатын 5 педагог-шеберлерінің әзірлемелері Ы.Алтынсарин атындағы академия орта білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық сараптамалық кеңесінде талқыланып, республика көлемінде таратылуға ұсынылды. 2023 оқу жылында аталған мектептің педагог-шеберлері Гүльнара Даулетбахова мен Қаймақбаева Қалиданың жұмыстары бекітілген болатын. Ал, биылғы 2024 жылында 3 бірдей педагог-шеберлер Сапарғали Жақиұлы Сауранбаевпен бірге Майра Ғалиеваның және Фейрузат Кемерованың әзірмелері республикалық сараптамалық кеңес тарапынан бекітілді.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатындағы балаларға білімен мен тәрбиенің нәрін сеуіп жүрген бұл педагогтар ұстаздық ету ісінің нағыз майталман мамандары деуге әбден болады. Ұстаздық – адамның жан-жақты дамуына ықпал ететін ең жауапты әрі құрметті мамандықтардың бірі. Білікті ұстаз тек өз пәнін терең меңгерген маман ғана емес, оқытудың заманауи әдістерін тиімді қолдана білетін жаңашыл педагог. Ол балалардың психологиясын, олардың жеке ерекшеліктерін түсініп, әр оқушыға жеке тәсіл таба алады. Ұстаздың шеберлігі оқытудағы креативтілік пен жан-жақтылығымен өлшенеді. Шебер ұстаз оқу үдерісін қызықты, мағыналы етіп ұйымдастырып, оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, ұстаздың тәрбиелік рөлі де ерекше: ол тек білім беріп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген дұрыс көзқарасты қалыптастырады. Біліктілік пен шеберліктің үйлесімі арқылы ұстаз өз мамандығының биігіне жетіп, нағыз ұстаздықтың үлгісін көрсетеді.

Мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы да – оның кәсіби және жеке тұлғалық дамуының маңызды бөлігі. Бұл үрдіс мұғалімге жаңа көзқарастар қалыптастыруға, өзінің кәсіби әлеуетін ашуға және оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен, шығармашылық мұғалімге сабақтарын қызықты, жаңашыл және тиімді етуге көмектеседі. Әр сабаққа креативті идеялар мен жаңа әдістерді енгізу арқылы ұстаз оқушылардың назарын аударып, оқу үдерісін жандандыра алады. Мысалы, түрлі тапсырмалар, ойын элементтері немесе практикалық жобалар арқылы балалардың белсенділігін арттыруға және олардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады. Сонымен қатар, шығармашылық мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал етеді. Шығармашылық ізденістер барысында ол жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, өзін-өзі жетілдіреді. Бұл – заман талабына сай мұғалім болудың маңызды шарты. Өз саласында үнемі жаңалық іздейтін, жаңа әдістемелерді меңгеретін ұстаз өзінің де, оқушыларының да жетістігіне жол ашады.

Шығармашылықпен айналысу мұғалімнің психологиялық жағдайына да оң әсер етеді. Шығармашылық үдеріс ұстазға шабыт беріп, оның жұмысқа деген құштарлығын арттырады. Бұл әсіресе қиын жағдайларда немесе шаршаған сәттерде ұстазға мотивация беріп, өз ісіне жаңаша көзқараспен қарауға көмектеседі. Мұғалімнің шығармашылығы тек кәсіби салада ғана емес, оның жеке өмірінде де маңызды рөл атқарады. Шығармашылықпен айналысу ұстаздың өзіне деген сенімін арттырып, оның өзін-өзі көрсету мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай ұстаз балалар үшін үлгі бола отырып, оларды да креативті ойлауға және шығармашылықпен айналысуға шабыттандырады. Қорыта айтқанда, шығармашылық мұғалімге кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамуға, жұмысынан ләззат алуға және оқушыларға ерекше білім беру тәжірибесін ұсынуға мүмкіндік береді. Шығармашылыққа бейім мұғалім – заман талабына сай көшбасшы ұстаздың үлгісі.

Қызмет ақпараттық агенттігі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика