ШАРУАНЫ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ АТҚАРАТЫН БАЛА ЕДІ

ТІЛЕУЛЕСТЕР

«Жаны жақсы ағаның,

Етегін баспа, жолын қу,

Боламын деген баланың, бетін қақпа, белін бу» деген  аталы сөз бар ғой, қазақта.

Менің айтайын дегенім, бүгінгі күні Шымкент қалалық мәслихатқа үміткер боп бағын сынапжатқан жас та болса, арынды жігіт НұрланӘлімбаев жайлы еді. Шардара ауданында туып-өскен Нұрлан көз алдымызда өсті, менің ұлым екеуі бір сыныпқа барды, мектепті де бірге бітірді.Сабаққа да өте зерек болып, үйінің шаруасын да тап-тұйнақтай қып атқаратын.

Өте қарапайым отбасының ұлдарын да, қыздарын да өз балаларымызға үлгі етіп айтып отыратынбыз.Нұрланның әкесі Әбдінәби  тұйықтау, бірақ үйіндегілердің бәрін қабағымен—ақ тәрбиелейтін кісі еді.

Нұрлан өскен отбасының тәртібі өте мықты екенін  барлық көршілер байқап, бала темірдей тәртіпті қабылдайды екен ғой деп таң қалатынбыз.

Анасы Ақмарал да қай кезде болса да, әкелерің ұрсады, әкеңе айтам деп балаларының алдында әкесінің беделін арттырып отыратын.

«Әкесі басшы, әйелі бағынышты үйден ержүрек ұлдар мен ибалы қыздар шығады, Әйелі би, еркегі ез үйден, ынжық ұлдар мен көкбет қыздар шығады» дегенді де атам қазақ текке айтпаған екенін де осы отбасыға қарап мойындадым.

Арамызда үй жоқ көршіміз болғандықтан, бұл үйдің тыныс-тіршілігі де көз алдымызда өтті. «Мал-жан аман ба», деп саулық сұрасатын қазақпыз ғой, бұлар да өздеріне лайықты мал ұстайтын. Нұрлан сабақтан келетін де, анасының түйіп берген айран мен нанын ала сап қой бағуға кететін, және міндетті түрде кітабын алып алады. Қойын қайтарып жүріп қолындағы кітабын тастамай оқып жүретінін білуші едім.

Бала кезінен, еңбекпен  білімді қатар алып, темірдей тәртіппен шынығып өскен Нұрланның,  халқына берері көп жалынды жас екенін айта кеткім келеді. Осындай ел сенімін ақтайтын Нұрлан сияқты көзінің оты бар жалындаған жігіттерге қолдау білдірейік.

«Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ерлер қайданшықсын?».

Алға қойған мақсаттарың орындала берсін, Нұрланжан.

Сәттілік тілеймін, айналайын.

Көрші апаң Несібелі Шаменова

Қаражат Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №1 сайлау округіне кандидат Нұрлан Әлімбаевтың жеке сайлау қорынан төленген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика