Білім алушы жастар үшін студенттер үйі ашылды

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім алушы жастары үшін Шымкент қаласында жаңа студенттер үйі ашылды. Осыған орай өткізілген салтанатты шараға басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева бастаған университет ұжымы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасы Гүлзат Көбенова, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты. Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан жылға студент жастардың саны артып келе жатқандықтан жатақхана тапшылығын шешу – өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқтала кетіп: «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» деген болатын. Ел Президентінің осы тапсырмасын орындау аясында қаламыздағы «Inter Press BK» компаниясы 2022 жылдың қараша айында 500 орындық заманауи жатақхананың құрылысын бастап, жаңа оқу жылына дайын етіп берді. Қонақ үй типтегі  жатақхана іші толығымен жиһаздалған.  Жеті қабатты ғимаратта 2, 3 және 4 адамға лайықталған 160 жатын бөлме бар. Әр бөлме санитарлық тораппен (душ бөлмесі, дәретхана) жабдықталған. Студенттерге ыңғайлы болу үшін 14 арнайы бөлмеге кір жуатын машиналар орнатылған.  Бұдан бөлек 14 ас дайындайтын бөлме, 2  тренажер залы, демалыс және оқу бөлмелері  бар.   Студенттер, магистранттар мен докторанттарға арнап салынған жатақханада лифт жұмыс істейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі де орнатылған. Заманауи үлгідегі студенттер үйінің Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ  жанында орналасуы білімгерлер үшін өте ыңғайлы. Бағасы да жастар үшін қолжетімді. Кең әрі жарық бөлмелер білім іздеген әрбір жанның зейінін ашары сөзсіз!   Жиын соңында университет басшылығы қонақтарды оңтүстіктегі педагогикалық білімнің қарашаңырағымен таныстырып, стратегиялық жоспарларымен бөлісті.

 

Қызмет ақпарат

1783 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика