Қазір қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Шахмат сөзін тура аударғанда «патша өлді» дегенді білдіреді. Жалпы бұл ойынның шығу тарихы тереңде жатыр, ол туралы түрлі аңыздар да бар. Ғалымдар шахмат б.з.д. 2-3 мыңжылдықта пайда болды деген болжам айтады. Бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Мәселен, Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жетік меңгергендігінен деп топшылайды тарихшылар. Жақында Ақтау қаласында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен үзеңгі қағыстырған болатын, Соның ішінде біздің Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды. Шартараптың шахматшылары арасынан суырылып үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен алғыс білдіре құттықтаймыз! ҚР Президент Қ.Тоқаетың тапсырмасвна сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында қазір шахматқа ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы Шымкент қаласы биыл төртінші жыл бастауыш сыныптарда 100 пайыз оқушыларға шахмат пәні үйірме ретінде енді. Яғни, шахмат оқыту жаппай мектеп пәніне үйірме ретінде енгізілгеннің арқасында лицей командасы әлемдік чемпионатта өз білімдерін дәлелдеп шықты. Алдағы уақытта да біздің Шымқаламыздан талай еліміздің намысын қорғайтын мықты да үздік шахматшылар шығады деген сенімдеміз! Шахматты мектеп табалдырығынан игеру — болашақта баланың зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы, өресі дамыған зерделі де зерек болып шығатынының кепілі.
Қызмет ақпарат
1642 символ
Leave a Reply