«ҰБТ — ҒА СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!»

Шымкент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп гимназияда осы тақырыпта 11-СЫНЫП оқушыларының АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС ӨТТІ.

Жиынның мақсаты – болашақ түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары туралы хабардар ету және оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру болды.

Күн тәртібінде

ҰБТ туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Кәсіби бағдар беру жұмысына білікті мамандар арнайы тоқталды.

Сынама тест нәтижесі туралы берілген ақпараттар да аз болмады. Сондай-ақ,

Ата-аналар мектептің 2023-2024 оқу жылындағы ҰбТ нәтижесімен танысты.

ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңестер беріліп, ұсыныстар ортаға салынды.

Алда келе жатқан жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңындағы қауіпсіздік шараларына да мамандар арнайы тоқталды.

Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Г.Досалиева ашып, алдымен ата-аналарды жиналыстың мақсаты және күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. 11-сынып оқушыларының білім  сапасы  динамикасына және соңғы алынған екі сынама тестінің салыстырмалы көрсеткіштеріне талдау жасады.

Мектептің кәсіби бағдар беруші маманы А.Аманбай ата-аналарға биылғы ҰБТ тапсыру мен өткізу тәртібіу туралы ақпарат берді, енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Педагог-психолог С.Катбаева сөз алып, «Балаларға ҰБТ-ға  дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде қалай қолдау көрсету керек?» тақырыбында сөз қозғады. Сынақ кезінде оқушылар үшін ата-ана тарапынан көрсетілетін психологиялық қолдаудың қаншалықты маңызды екеніне айрықша тоқталды. Психологтың айтуынша, тек ҰБТ ғана емес, жалпы кез келген сынақ күйзеліспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Әр адам өз даралығымен ерекшеленеді, сондықтан, баршаға  психологиялық көмек боларлықтай бір ортақ кеңес беру, ҰБТ-да табысқа жетуде тиімді болатын кейбір жалпылық сипаттағы психологиялық мәселелерге тоқталып, тәптіштеп түсіндірді.

Жиын соңында ата-аналар алдын ала берілген сауалдарға, ситуациялық жағдаяттарға тұшымды жауаптарын беріп, әдемі әрі ең бастысы дұрыс ойларымен бөлісті.

Жиынды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Утебаева «Жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңындағы қауіпсіздік шараларын» таныстырумен аяқтады.

Ата-аналардың назарына жаңа жыл мерекесіне арналған қауіпсіздік нұсқаулығы ұсынылып, төмендегідей маңызды мәселелерге баса назар аударуға шақырды:

— Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;

— Пиротехникалық өнімдерді пайдалануға, әсіресе адам көп жиналатын орындарда пайдалануға;

— Беймезгіл уақытта жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілінің қадағалауынсыз сыртта жүрмеуін;

— Мектепке суши, пицца, газдалған сусындар сияқты т.б. тамақ өнімдерін алып келуге;

— Жаңа жылды кафе, мейрамхана, түнгі ойын-сауық орындарында, таулы және демалыс аймақтарында тойлауға;

— Мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға жаңа жылдық сый-сияпат жасауға тыйым салынатындығын қатаң ескертіп, жоғарыда аталған мәселелер бойынша балалармен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп, қадағалап отыруға шақырды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта келе жатқан қысқы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тікелей ата-ананың жауапкершілігінде екеніне басты назар аударды.

Мектеп бітіріп, әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстайтын, кәсіп иесі атануға асығатын жастардың 11 жылдық білімін сарапқа салып, үлкен өмірге жасалатын қадамның алдында көңілге тоқығанын бір пысықтайтын Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы туралы аз айтылып, кем жазылған жоқ. Біреулер ауыз толтырып, артықшылығын айтты, екінші бір топ өткенмен салыстырып, кемшілігін жіпке тізді. Пікірлер әр алуан болғанымен, демократиялық қоғамда олардың әрқайсысына да орын бар. Бүгін «Айқынның» пікір алаңына білім саласындағы көпті толғандыратын маңызды сынақ туралы ойын ортаға салуға ата-аналар мен мұғалімдерді, мемлекеттік орган қызметкерлері мен оқушыларды шақырып, пікір таразысына салып көріп едік.

 

Дерек пен дәйек
Ұлттық тестілеу орталығының ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ еліміздің 165 тестілеу пунктінде өткізіліп, 88 мың оқушы жаңа жүйе бойынша емтихан тапсырған. ҰБТ-ның республика көлеміндегі нәтижелеріне сәйкес, бес пән бойынша орташа балл (мүмкін болған 140 балдан) 80,5 % құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш (мүмкін болған 125 балдан) 81 % болған. Шектік деңгейден (50 балл) өткен түлектер саны – 74 517 (84,1%), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9%), 66-119 балл: 52 717 (70,7%),
120 – 139 балл – 5 064 (6,8%) оқушы жинаған. Шектік деңгейден төмен балл алған мектеп түлектерінің саны – 14 066 (15,8%).

ҰБТ-ның жаңа үлгісінің сипаттамасы
ҰБТ-ның жаңа форматы 5 пән бойынша өткізілді (3 міндетті пән және таңдаған
ма­мандыққа байланысты 2 бейінді пән):
1. Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
2. Математикалық сауаттылық – 20 тап­сырма;
3. Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;
4. 2 бейінді пән – 30 тапсырма. Оның алғашқы 20 тапсырмасы бес жауап нұс­қасынан бір дұрысын таңдау және 10 тап­сырмасында бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау ұсы­нылды. Мысалы, берілген 8 жауап нұс­қа­сында 1, 2 немесе 3 дұрыс жауап болуы мүмкін. Мұндай тәсіл талапкердің нақ­ты тақырыпты қаншалықты меңгерген­дігін анықтауға мүм­кіндік береді және жауап­тарды «жаттау» арқылы болжап табуға кедергі болады.
Барлығы – 120 тапсырма. Максималды балл – 140.

Тест сұрақтары қалай құрастырылған?
Қазақстан тарихы бойынша тапсыр­малар талапкердің пән бойынша оқу бағ­дарламасы және оқулық материалдарына сәйкес, алған білімдерін тексеруге; мате­матикалық сауат­тылық тапсырмалары талапкердің нысандар мен құбылыстарды талдауын, жіктеуін, салыс­тыруын, қоры­тын­дылауын бағалауға; оқу сауаттылы­ғының тапсырмалары берілген мәтінмен жұмыс жасай білу қабілеттерін, әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді талдауын саралауға; бейінді пәндер бойынша тест тапсырмалары талапкер­лердің таңдаған пәндерінен терең білімін, сонымен қатар кең ауқымдағы іскерлігі мен дағдысын анықтауға бағытталған.

Әсел Өмірсерік, талапкер:

– Жалпы, біз оқу жы­­лы­ның ортасына дейін ем­­тиханның қалай бола­тын­дығын біл­мей, уақыт жоғал­тып алдық. Неге дайын­­­­да­ламыз, қалай ­ дайын­даламыз, бел­гісіз болды. Ресми ақпарат жария­лан­ғаннан кейін, қызу дайындыққа кірісіп кеттік. Маған ұнаған тұсы – емтихан жүйесінің екі бөліктен тұра­тын­дығы. Бұрын ҰБТ-ға жаттанды жауап­тарды санаға тоқып, дайындалуға дағдыланған бала­лардың сол жинаған ақпараты мен білімі тест тапсырған күннің ертеңіне-ақ есінен шығатын. Қазір эссе жазу, ауызша емтихан тапсыру, логикалық сұрақтар барлығы жас­тарды тек тесттен сүрінбей өтсем болды деген мақсаттан алыстатып, тереңірек білуге, із­денуге бау­лиды деп ойлаймын. Сыни ойлауды дамытатын сұрақтар – тестілеудің екінші бір мықты қыры дер едім. Қазіргі заманда шетелдік уни­верситеттерге оқуға тап­сырсаң да, не белгілі компанияға жұ­мысқа тұрғың келсе де, осындай сынақ­тардан өтесің. Тесттің мазмұны танымдық бола түскені де мені ерекше қуантты. Енді сұрақ­тарға дайындалу әрі қызық, әрі жалықтырмайтын болады.

Еркежан Жабагиева, мұғалім:

– Бұрынғы жүйеге әбден төселіп, емтихан тапсыруға жыл басынан психо­логиялық тұрғыда дайын болатын мектеп тү­лектерінің, биылғы жы­лы өздерін қандай «тосын сый» күтерін білмей, ұзақ уақыт емтихан тапсыру үлгісі жаңарады не өзгеріссіз қалады деген екі ойлы пі­­кір жетегінде жүріп қал­­ғаны дұрыс болмады деп есептеймін. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті сала­­сы­ның маманы бол­ған­дықтан, биылғы тес­ті­­леудің «оқу сауат­тылы­ғы» бөліміндегі ерекшеліктерге тоқталып өтейін. Біз мектеп бағдарламасында жылдар бойы сөз тап­тарын жіктеп, сөйлем мүше­лерін тереңдете оқытып келдік. Оқу сауат­тылығына арналған тест кітапшасында, оқушының сындарлы ойлауын дамыту үшін ұсынылған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар берілген. Оқығанынан белгілі бір байлам жасап, өзгеріске ұшырап берілген сауалға дұрыс нұсқаны табу шынымен логикалық ойлау қабілетін да­мы­татын шығар. Де­генмен мені қынжылт­қаны – сол мәтіндердің ішінен зат есімді тап, сын есімді көрсет деген сұрақ­тардың болмауы. Сонша жыл мектеп қабырғасында меңгергенін емтихан барысында пайдалан­баса, оқығаны бекер болады ғой. Шылау мен етістікті білудің өмірде қанша қажеті бар деп пікір білдірген адамдарды да кез­дестірдім. Бірақ азаматтың грамматикалық сауаттылығы – қай кезде де көзге түсетін басты дүние.
Қа­рым-қаты­наста сөзді дұрыс құрастыра білу, сөй­лем­дерді байланыстыру, кез келген мекемеге өтініш не арыз жаз­ғанда, ойын қағаз бетіне қатесіз түсіру – адамның білік­тілігі мен мәдениетін та­нытады деп ой­лаймын. Сондықтан оқыту сауаттылығына арналған сауалдарды әлі де жетілдіру, толықтыру артық болмас еді.

Нұргүл Лесбекқызы, ата-ана:

– Биыл баласы мек­теп бітіріп, жаңа жүйенің сынағынан өткен ата-ана есебінде, ҰБТ-ның жаңа форматы оқушылар үшін әлде­қайда тиімді деп ойлай­мын. Оның бір себебі, ҰБТ бұрынғыдай бала­ның мек­тептегі білімін қорытын­дылайтын әрі оқу орнына түсуге тала­бын сарапқа салатын ортақ жүйе болудан қа­лып, қазір 11 жылдық оқу үлгерімін жеке, маман атануға дайындығын бөлек дәлелдейді. Екінші бір атап өтетін жайт, бұрын оқушының еңбекпен жинаған 125 балынан оқуға түсердегі ұлттық конкурс кезінде орыс тілінің балы алынып таста­латын. Қазір жас түлек ҰБТ-да қоржынына қанша балл жинаса, соның барлығы білім грантын иеленуде басымдық бола алады.

Аяулым Алмабекқызы, талапкер:

 

– ҰБТ-ның жаңа үл­гісі өзім үшін қиын­ға соқ­ты. Бәрінің бойы үй­рен­ген бұрынғы жүйе­мен салыстырғанда, сұ­рақтары күрделі көрінді. Жыл бойы дайындалған еңбегім ақталып, 140 балдың 111-ін ен­шіледім. Маған бір ұнағаны, таңдау пәнінің бір емес, екі бейінді сабақты қамтып отырғаны. Мәселен, мен медицина саласын таңдап, өмірлік мамандығымды дәрігер кәсі­б­імен байланыс­тырғым келеді. Бұрын бұл салаға баратындар биология пәнінен сынақ тапсыратын. Қазіргі жүйе мектеп түлегінен биологиямен қатар, химия пәнінен жи­наған білімін де ортаға салуды талап етеді. Еліміздегі жоғары медициналық оқу орындарында білім алатын студент­тердің көбі 11-сыныпта, жыл бойы биологиядан білімін пысықтаймын деп, химиясын ақсатып алғандықтан, 1-курста осы сабақтың есептерін шешу ауыр болды деп жүретіндерін жиі естуші едім. Биылғы фор­мат­қа сәйкес, мектеп түлегінің өз мамандығына сабақтас екі бірдей пәннен дайындалатыны және оны кейін оқу орнында керегіне жарататыны жақсы сияқты. Адам баласы әрдайым өзге­ріс­ті қалай­ды. Бұл – дамуды көз­дей­тін жанның қалауы. Десек те өзгерістің бәрі дамуға бас­тай ма? Осы сұрақты жалпы бір сала­ға қатысты қойып қарастырса, бір­ден біржақты жауап беру қиынға соға­ты­ны анық. Кейде тіпті кері тартатын, жақ­сылыққа сенбейтін жағдай көп кездеседі. Айталық, білім саласында бір өзгеріс болса, орын алса, қоғам болып «Реформадан көз ашпайтын болдық. Білім жүйесі эксперимент алаңына айналды» деп дабыл қағамыз. Онда да жанымыз ашығаннан безектейміз ғой. Ал кейінгі кезде енгізіліп жатқан ҰБТ-ның айналасындағы кезекті өзгеріс безек­теу­ге мүмкіндік бермей тұр. Қалайша? Тестілеу бұрынғыдай 1-2 рет қана емес, жылына 4 рет өткізіледі. Шынында, мұндай мүмкіндік талапкерлерге үлкен үміт сыйлап, үрейден арылуға септі­гін тигізеді. Бұрын ҰБТ-дағы нәтижесі жоғары оқу орнына түсуге жарамаса, бір жылға қалып, келесі жылы қайта тап­сыруға тура келетін. Кейін мау­сым айын­дағы негізгі тестілеуден грант ала алмай қалғандарға тамыз айында шекті балл жинап оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік берілді. 2019 жылдан бас­тап тестілеу саны екі есеге көбейіп, талапкерлер жыл ішінде 4 рет ҰБТ тапсыра алатын болды. Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы тестілеуге қатысу үшін белгіленген соманы төлеп, сынаққа қатысып, сол арқылы еліміздегі ЖОО-ның кез келгеніне ақылы оқуға түсуге болады. Соның нәтижесі бойынша арнайы сертификат беріледі, бірақ бұл грант алуға жарамайды. Ал грантқа түсу­ді тек маусым айындағы сынақ қоры­тындысы ғана шешеді. Иә, грант­қа түсуге жылына тек бір ғана мүмкіндік беріледі. Алайда оған дейін өткізілетін 2 реттік тесті­леу талапкерлер үшін өте жақ­сы дайындық болатыны, та­мыз­дағы тестінің үміт сый­лай­тыны сөзсіз. Қалай дегенмен де грантқа түсуге мүмкіндік беретін негізгі тестілеуден бөлек уни­вер­ситеттердің ақылы бөліміне оқуға түсуге 3 рет талпынуға болатыны – талапкерлерді бір іспен бәрі­нің біт­пейтінін, мүмкіндіктердің молдығын түсіндіруге, өзін өзі дайындап, әлсіз тұсын жетілдіруге жәрдемдесетін жол.

Бір талапкер – бір компьютер – бір камера

ҰБТ үшін «биылғы көктем бұрынғы­дан өзгерек». Өйткені көктемгі тестілеу элек­трон­ды форматта өтті. Тап­сыр­ған талапкерлер де көңілінен шық­қа­нын айтады. «Телефонмен туған» бүгін­­гінің балаларына тестіні компьютер­мен тапсыр­ған өте ыңғайлы шығар, бірақ бұл жыл са­йын бұзыла беретін ҰБТ талаптар­ы­ның сақталуына қаншалықты көмектеседі?

Бұл сұраққа Білім және ғылым ми­нистр­­лігі Жоғары және жоға­ры оқу орнынан кейінгі білім депар­таментінің директоры Әділет Тойбаев: «Көктемдегі ҰБТ электронды форматта «бір талапкер – бір компьютер – бір камера» қағидасы бо­­йынша өтеді. Сон­­дай-ақ прокторинг жүйесі қол­­данылады, бейнебақылау орна­ты­лады. Face ID – тұлғаны цифрлы сәйкестендіру жү­йесі  ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адам­­дарды анықтауға мүм­кіндік бере­ді. Осы­­ның барлығы акаде­мия­лық адалдық қағи­­да­ларының сақ­талуын бақылауды күшей­туге жағ­дай жасайды», деп жауап берді.

Негізі Face ID ҰБТ-ға аса қажет. Себе­бі қайбір жылы дос қызының орнына тест тап­сыруға жасанды шаш пен әдемі көй­лек киіп кірген жігіттің оқиғасы әлі ұмы­ты­ла қойған жоқ. Енді прокторинг жүйе­сіне тоқталайық. Өйткені оның рөлі де зор. Егер бұл жүйе шынымен де қазіргі тестілеуде қолданылып жатса, демек ашықтық пен әділдік туралы әңгі­ме айтуға болады. Прокторинг – онлайн-емтихан немесе тестілеу кезіндегі әкімші-проктордың қадағалауымен өтетін бақылау процедурасы. Бұл емтихан тапсырушының әрекетін веб-камера арқылы бақылайды және талапкердің мониторында  не болып жатқанын, қандай бет ашылып, қандай беттің жабыл­ға­нын – барлығын көріп отырады. Мұндай технология үміткердің жеке өзінің тапсырып отырғанына көз жеткізіп қана қоймай, оның білімін объективті бақылауға жағ­дай жасайды және «шпаргалкалар» мен басқа да айла-тәсілдерді қолдануына жол бермейді.

Камерадан «құтылу» қиын

Бәрінен бұрын ҰБТ-ның қалай өтіп жат­қанын кез келген адам сырттай бақы­лай алады. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, өзіміз де education.kz сайтына кіріп, әр ауди­ториядағы бақылау камералары арқы­лы тестілеуді тікелей байланыста бақы­лап көрдік. Онда әр қаладағы аудито­рия­лар жеке-жеке көрсетілген. Және мұн­дағы видеолар толығымен сақталып, сарап­та­мадан өткізіліп, тексеріледі. Егер қан­дай да бір талаптардың бұзылғаны анық­­талса, тестіленушінің нәтижесі жо­йы­­­ла­ды. Сондай айлакерлік­пен грант ұтып ал­ған болса, тіпті грант­тан да айырылады.

Былтыр, мысалы, осы талап­қа қатысты Ұлт­тық тестілеу ор­та­лығының дирек­торы Дидар Сма­ғұлов: «ҰБТ бейнежазба­лары­ның қорытындысы бойынша 158 тесті­лену­шінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Осыған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркеледі», деп мәлімдеген еді.

Неде болса, компьютерлік нұсқада өтіп жатқан ҰБТ-ның «әділдікпен, ашықтық­пен астасып, бағы жанып» тұрғандай. Бірақ «бабы да келісті» деп кесімді пікір айтуға әлі ерте. Себебі наурыз айының 10-ында басталған көктемгі тестілеу бір айға, яғни биылғы сәуір айының 10-на дейін жалғасты. Осы электронды ҰБТ-ның қорытындысы ғана компьютерлік жүйенің қаншалықты жетілдірілген, да­йын, тиімді екенін көрсете алады.

 

Қызмет ақпараттық агенттігі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика