МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БІРІКТІРІЛГЕН БАСҚАРМАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы мен Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы Шымкент қаласы, Абай және Әл Фараби аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жұмысымен танысып, ұжым өкілдерімен кездесті.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Көшікбаев, Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы, полковник Ә.Шегебаев, басқарма басшысының әскери шақыру ісі жөніндегі орынбасары, полковник Ә.Шынтаев, тәрбие және идеология ісі жөніндегі орынбасары, полковник Р.Мадьяров қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жыл басында әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін артырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне тоқталып, әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп, абыройын арттыру қажеттігі жайлы айтқан болатын.
Осыған байланысты кездесуде өңірлерде жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу мәселелері жайлы сөз қоғалды.
Аталған басқарма басшысы 2021 жылғы күзгі шақырылым кезінде 730 азаматты әскери борышын өткеруге аттандырған болса, 2022 жылдың көктемінде 700-ге жуық жастарды әскерге аттандыруды жоспарлап отырғандығын айтты.

Кездесу соңында халық қалаулылары басқарма қызметкерлерінің жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қызмет газеті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика